SNOMED International-мен ынтымақтастық шеңберінде 27-28 ақпанда Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы базасында IHTSDO халықаралық ұйымының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының және Дүниежүзілік банк жобасын басқару тобының өкілдері үшін SNOMED клиникалық терминологиясы бойынша оқыту өткізеді.
Оқыту өткізу үшін Лондоннан Астанаға техникалық қолдау қызметінің жетекшісі Рори Дэвидсон, Ян Грин – SCT контенті жөніндегі маман және Лиара Тутина – Азия және Тынық мұхиты аймағындағы клиенттермен байланыс жөніндегі атқарушы директор келді.
Қазақстанда денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне SNOMED клиникалық терминологиясын енгізу медициналық ақпараттың құрылымдалуы мен келісімділігін қамтамасыз етеді, бұл кейіннен дәрігерлердің клиникалық шешімдер қабылдауын қолдауға және жалпы денсаулық сақтау саясатын жоспарлауға ықпал ететін болады.
Қазақстан аумағында SNOMED клиникалық терминологиясын енгізу және бейімдеу жөніндегі іс-шараларды Стратегиялық даму орталығының электрондық денсаулық сақтауды стандарттау бөлімі өткізеді. Бұл құрылымдық бөлімше электрондық денсаулық сақтауды стандарттау тәсілдерін анықтаумен, халықаралық стандарттарды бейімдеумен айналысады және электрондық денсаулық сақтау саласында ұлттық стандарттауды жүзеге асырады.
SNOMED International 2007 жылы тоғыз жарғылық мемлекетпен құрылған, IHTSDO басқаруындағы және мүшелеріне тиесілі коммерциялық емес халықаралық ұйым болып табылады. Бүгінгі таңда SNOMED CT денсаулық сақтау саласындағы әлемдегі ең толық және дәл терминология болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен SNOMED International Қазақстанның 38-ші қатысушы ел ретінде ұйымға кіргені туралы ресми түрде жариялады. Ресми жарияланым мына сілтеме бойынша қолжетімді: