Кеше ДСДРО-да Дәрілік заттарды және медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығы әзірлеген «Амбулаториялық деңгейдегі дәрілік заттарды шамадан тыс қолдану (полипрагмазия) және ұсыныстарды қалыптастыру» және «Амбулаториялық деңгейдегі инъекциялық препараттарды қолдану және ұсыныстарды қалыптастыру» атты талдамалы шолулардың талқылауы (Policy Brief) өткізілді.
Келешекте шолулар Денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырудағы үздік әлемдік тәжірибені енгізу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі.
Талқылауға сарапшылар ретінде «ҚОДҚ» ҚБ-нің директоры, м.ғ.к. Татьяна Острецова, Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының президенті, м.ғ.д. Дамиля Нұғманова, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Шолпан Калиева, м.ғ.д. Нуржамал Ахмадьяр, м.ғ.к.Лариса Макалкина, м.ғ.к. Гульнара Жусупова, сонымен қатар Орталық қызметкерлері Адлет Табаров, м.ғ.к. Гульзира Жусупова, Лаззат Есбатырова, Дидар Байдуллаева қатысты.
Сарапшылар талдау үшін таңдалған тақырыптардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Олар сондай-ақ құрастырылған талдамалы шолуларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізді, осы мәселелер бойынша халық және медициналық қызметкерлері арасында ақпараттық жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.