13 наурызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында бас директор Айнұр Айыпханованың төрағалығымен медициналық алғашқы-санитариялық көмекті дамыту мәселелері бойынша селекторлық режимде кеңес өткізілді.
Кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 59 бұйрығымен бекітілген Қазақстанда 2019-2020 жылдарға арналған медициналық алғашқы-санитариялық көмекті дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды.
Селекторлық кеңесте өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, МСАК қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдардың, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, білім және ғылым медициналық ұйымдарының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Дүниежүзілік Банктің, UNFPA өкілдері қатысты.
Қабылданған іс-шаралар жоспары МСАК дамуының негізгі бағыттарын анықтайды:
- халықтың мұқтажына бағдарланған МСАК интеграцияланған жүйесін құру;
- халықтың МСАК қызметтерімен жалпыға бірдей қамтылуын жақсарту және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- назарын көтеру, халықтың өз денсаулығын нығайту, алдын алу, скрининг және ерте араласу;
- МСАК жүйесінің әлеуетін арттыру;
- пациенттің қажеттілігіне бағдарланған МСАК цифрландыру.
Кеңеске қатысушыларға жоспардың міндеттері түсіндірілді. Ауруларды басқару бағдарламаларын, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін енгізуге, қаржыландыруды қайта қарауға, мектеп медицинасы, шұғыл көмек, біріктірілген үлгі мәселелеріне және МСАК цифрландыруға баса назар аударылды.