ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нәресте және бала өлімін азайту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру әдіснамасы бойынша селекторлық кеңес өтті.
Кеңес жұмысына жауапты орындаушылар, штаттық/штаттан тыс бас педиатрлар, неонатологтар, босандыру және бала босандыру жөніндегі, барлық аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, медициналық ұйымдардың басшылары, медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері, "Қазақстан неонатологтарының Конгресі" қауымдастығы, UNICEF және басқалар қатысты.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар жоспары Қазақстандағы нәресте және бала өлімін азайту жөніндегі негізгі бағыттарды анықтайды:
- балаларға көмек көрсететін медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын және жарақтандырылуын жақсарту;
- кадрлық әлеуетті нығайту;
- ДПО мен тұқым қуалайтын аурулардың пренаталдық диагностикасын жетілдіру;
- балаларға медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- денсаулық мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге жоспарды іске асыру бойынша желілік форматпен кеңес хаттамасы жіберілді.