«Қазақстан Республикасында ана өлімін төмендету жөніндегі 2019 жылға арналған іс – шаралардың Жедел жоспарын бекіту туралы» 2019 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов № 27 бұйрыққа қол қойды.
Бұйрықтың бекітілуінің алдында Қазақстанның барлық өңірлерінен жетекші мамандардың қатысуымен тақырыптық топтарда ми шабуылы түріндегі үлкен командалық жұмыс болды. Жоспарда тек жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары үшін ғана емес, медициналық ұйымдардың бірінші басшылары, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, облыс, қала әкімдері үшін нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштері айқындалған.
Жоғарыда көрсетілген жоспардың іс-шараларын іске асыру бойынша әдіснаманы түсіндіру мақсатында 2019 жылғы 14 наурызда Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығы базасында жауапты орындаушылар, штаттық/штаттан тыс бас акушер-гинекологтар, босандыру және бала тууға көмек көрсету жөніндегі орынбасарлары, барлық аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша, медициналық ұйымдар басшылары, медициналық білім беру және ғылым ұйымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Дүниежүзілік банк, UNFPA, UNICEF және басқалар жауапты орындаушылар қатарынан мүдделі тұлғалардың қатысуымен селекторлық кеңес өткізілді.
ДСДРО бас директоры А. Айыпханова амбулаторлық-емханалық және стационарлық деңгейдегі мамандардың бірлескен күш-жігерін қажет ететін жоспардың бөлімдері мен іс-шараларын егжей-тегжейлі баяндап берді.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге жоспарды іске асыру кестесі бар хаттама жіберілді.