2019 жылғы 25-27 ақпан аралығында Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы базасында жаңа Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша төрт тақырыптық жұмыс тобының ми шабуылы форматындағы отырысы өткізілді.
Тақырыптық топтардың құрамына медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының, Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің және жеке медициналық ұйымдардың өкілдері енгізілген.
Талқылау келесі бағыттар бойынша өтті: қоғамдық денсаулық сақтау, ментальдық денсаулық, жарақаттар және қан айналымы жүйесінің аурулары.
Басқа сегізі бағыт бойынша талқылау 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында өтеді.
Отырыс барысында тақырыптық жұмыс топтарының қатысушылары одан әрі Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасына енгізу үшін саланың негізгі мәселелерін, басым міндеттері мен оларды шешу жолдарын анықтады.