7-11 сәуір аралығында Лондонда SNOMED International-ға қатысушы елдердің бизнес-кездесуі өтеді.
ДСДРО Стратегиялық даму орталығының қызметкерлері бизнес-кездесуге Мүшелер алқасының қатысушысы ретінде қатысады (Member forum). Мүшелер алқасы – бұл рөлі мүшелер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу және әрбір ел үшін басымдықтарды айқындау, сондай-ақ оқытуға жәрдемдесу болып табылатын ұйымның консультативтік органы. Кездесудің негізгі мәселесі еларалық ынтымақтастық тәсілдерін анықтай отырып 2025 жылға дейінгі ұйымның даму стратегиясын, сондай-ақ жаңа технологияларды дамытуды ескере отырып, ұйымның өз ішінде анықтау. Кездесу барысында SNOMED клиникалық терминологиясын енгізу бойынша ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді талқылау, денсаулық сақтау жүйесінде талдау жүргізу және статистика жүргізу үшін терминологияны пайдалану, клиникалық терминологияны әзірлеуге практикалаушы дәрігерлерді тарту үшін SNOMED International мүше елдерінің өкілдерімен жұмыс және консультациялық топтар ұйымдастырылды. Кездесу барысында ДСДРО қызметкерлері Ұлыбританияда, Испанияда, Австрияда, Малайзияда және басқа елдерде SNOMED клиникалық терминологиясын қолдану және енгізу тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне SNOMED негізгі бөліктерін бейімдеу және енгізу жөніндегі жұмыстар 2020-2021 жылдарға жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы қатысушы-ел және SNOMED International-ға енген әлемдегі 38-ші ел болды (https://www.snomed.org/).
Бүгінгі таңда SNOMED терминологиясын әлемнің 50-ден астам елінде қолданады және Қазақстанның ұйымға кіруі қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі үшін серпінді қадам болып табылады. Жалпы, Қазақстанның Медициналық терминология саласындағы стандарттарды әзірлеу жөніндегі халықаралық ұйыммен (IHTSDO) кіруі туралы келіссөздер екі жыл бойы жүргізілді.
SNOMED CT қазіргі таңда белсенді тұжырымдамалар саны 340 мыңнан астам терминдерді құрайтын клиникалық терминдердің толық көптілді номенклатурасы болып табылады.
в.