ДСДРО қызметкерлері көшбасшы болуды үйренуде

ДСДРО Менеджмент орталығы тұрақты негізде Қазақстанның медициналық ұйымдарының басшыларын, HR-менеджерлерін, бақылау кеңестерінің хатшыларын оқытуды жүргізеді.

 

 Оқыту корпоративтік басқаруды, менеджментті, кадрлық қамтамасыз етуді және HR менеджментті дамытуға бағытталған. Алынған білім денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық міндеттерін іске асыруға, оның ішінде медициналық ұйымның қызметінде заманауи HR-технологияларды қолдануға ықпал етеді.

 

Персоналды басқару бойынша білім деңгейін арттыру үшін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы сондай-ақ, персоналдың командалық және жеке дамуына бағытталған қызметкерлерге арналған дәрістер циклін жоспарлап отыр.

 

Бүгін ДСДРО басшылары мен қызметкерлері үшін «Көшбасшылық дегеніміз не және неліктен бұл маңызды?» атты тренинг өтті.

 

Әріптестеріне арналған тренингті ДСДРО Менеджмент орталығының жетекші маманы Ботагөз Салхаева өткізді.  Ол Халықаралық ауруханалар федерациясының (International Hospital Federation, IHF) «Аурухана басшылары үшін көшбасшылық» атты тренингтік бағдарламасына негізделген.

 

Бұған дейін, 2018 жылғы желтоқсан айында ДСДРО-ның екі қызметкері IHF-те осы тренингке оқытылған. ДСДРО IHF-мен ресми ынтымақтастықта және Қазақстанның осы беделді федерацияға ресми кіруі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен IHF-ға өтінім беру мәселесін пысықтауда.

 

Әріптестермен көшбасшылық тақырыптары, оның медициналық ұйымдардағы ерекшеліктері, денсаулық сақтау саласындағы табыс факторлары және эмоциялық интеллектінің маңыздылығы қаралды.

 

Сонымен қатар, персоналды басқару бөлімінің бастығы Бану Қалмырза қызмет этикасы ережелеріне және қызметкерлердің мінез-құлық қағидаларын сақтауға назар аудара отырып, қатысушыларды негізгі корпоративтік құжаттармен таныстырды.

IHF сияқты түпдеректердің үздік практикалары негізінде ДСДРО медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау саласындағы басшыларға ақылы қызметтерді ұсынады.

Толығырақ сілтеме бойынша.