11-12 сәуірде Нұр-Сұлтан қ. № 2 қалалық балалар ауруханасы базасында «Spina bifida» республикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияға Санкт-Петербург қ. Г. И. Турнер атындағы балалар ортопедиялық институтының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес сектордың өкілдері, туа біткен жұлын жарықтары бар балалардың ата-аналары қатысты.
Қазақстанда туа біткен жұлын жарықтары бар (Spina bifida) балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы туралы ақпаратпен ДСДРО Медициналық көмекті жетілдіру орталығының интеграциялау бөлімінің бас маманы Жанара Кошалакова сөз сөйледі.
Жол картасына Spina bifidaсы бар балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту, Spina bifidaсы бар балалармен жұмыс істейтін қызметкерлердің кадрлық әлеуетін арттыру, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шаралар енгізілген.
Екі күндік конференция аясында ортопед, невролог, нейрохирург, уролог және психологтың қатысуымен пациенттерді емдеуге арналған мультидисциплинарлық тәсіл түрі бойынша консилиумдар өткізілді. Сонымен қатар, балаларды көрнекі тексеру түрінде балаларға диагностикалық және емдік көмек көрсетілді, ұсыныстар берілді.