Бурабайда Қазақстанда санаториялық-курорттық емдеу мәселелері жөніндегі форум өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының ұйымдастыруымен Бурабай кентінде 2019 жылғы 18-19 сәуір аралығында "Шипажай-2019" IV Халықаралық форумы өтті.

 

Іс-шараға Қазақстан, Германия, Италия, Түркия, Грузия, Литва және Ресей санаториялық-курорттық емдеу саласындағы жетекші реабилитологтары мен мамандары қатысты. Сондай-ақ, форумға Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері де қатысты.

 

 Форум бағдарламасында пленарлық және секциялық отырыстар жоспарланған болатын, оның барысында санаториялық-курорттық туризм мен оңалтуды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды: Қазақстандағы оңалту, оңалту саласында тәжірибемен алмасу.

 

Сондай-ақ, екі күндік іс-шара барысында екі конференция өтті:

«Санаториялық-курорттық істе медициналық оңалтудың әлеуеті. Мәселелер және шешу жолдары» және «Курорт ісіндегі экономика және менеджмент», олардың барсында оңалту және курортологияның басым бағыттары, санаториялық-курорттық индустрия саласындағы жаңа әзірлемелер мен инновациялық жобалар, сондай-ақ санаториялық-курорттық қызметтер мен санаториялық-курорттық бизнесті дамыту жолдары қаралды.