ДСДРО-да 2017 жылғы Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын талдау нәтижелері талқыланды

27 наурызда ДСДРО-да Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын талдау нәтижелерін талқылауға арналған және ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы орталығы жариялаған  policy brief  «МӘМС енгізу кезінде мемлекет ауқымында шығыстарды тиімді жоспарлау үшін ҰДСШ деректерін пайдалану» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан медициналық зертханалар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстандық жеке медициналық құрылымдардың қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.

 

ҰДСШ көмегімен ашылатын негізгі әдіснамалық мәселелер, сала деңгейінде саяси шешімдер қабылдау кезінде дәлелді талдау базасын қалыптастыру үшін олардың маңыздылығы туралы директордың орынбасары Нұрбол Күзембаев баяндама жасады. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы ҰДСШ жетілдіру бойынша ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын іске асыру барысы туралы айтты.

Денсаулық сақтау экономикасы орталығы макроэкономикалық зерттеулер бөлімінің бастығы Галина Загидуллина ҰДСШ талдау нәтижелері туралы айтты.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар нысаналы бағдарламалар есебінен жеке шығындарды мемлекеттікпен алмастыру бөлігінде жүргізіліп жатқан саясатты жетілдіру және қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу арқылы қолда бар ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Бұдан басқа, стандартты емес бизнес-модельдерді іске асыру, сондай-ақ жеке шығыстардың өсуін тежеу және ТМККК-ға, атап айтқанда МСАК-қа арналған мемлекеттік шығыстарды ұлғайту және ерікті медициналық сақтандыруды ынталандыру мүмкіндіктері қаралды.