ДСДРО және Қазақстандық МЖӘ орталығы корей әріптестерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Пак Нын Ху мырзамен екіжақты кездесуі аясында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы, Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты және Шетелдік инфрақұрылым мен қалалық даму Корей корпорациясы ынтымақтастық туралы 4 жақты меморандумға қол қойды.

 

Меморандумға қол қоюға ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова, Қазақстандық МЖӘ орталығы басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаев, Корея Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының президенті Ли Янгчан, Корей шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының президенті Кьянг-Го Хур қатысты.

 

Бұдан басқа, Кореяның Ұлттық онкологиялық орталығы мен Қазақстанның Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы арасында; медициналық білім және ғылым саласында; оңалту кафедрасын құру туралы; біздің ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттары көрсетілген ақпараттық медициналық технологияларды дамыту туралы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

 

Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың жандандырылғанын атап өтті, бұл туралы денсаулық сақтау саласындағы "Қазақстан-Кореяның самал желі" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қол қойылған жоспар куәландырады.

 

Өз кезегінде Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Пак Нын Ху мырза Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының электрондық ақпараттық технологиялардың қолданылуына байланысты түрленгенін жоғары бағалап, атап өтті және осы бағытта мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың болашағы бар.

 

Пак Нын Ху айтуынша, Қазақстан мен Кореяның денсаулық сақтау саласында онкологиялық көмекті дамыту және жаппай скринингтік зерттеулер жүргізу сияқты көптеген ортақ мәселелер бар.

 

Сондай-ақ, кездесу барысында министрлер IT-технологияларды, медициналық сақтандыруды, медициналық туризмді және білім беруді дамытуда Кореяның тәжірибесін пайдалануды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-корей ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылады.

 

Бұдан басқа, білім беру туризмін дамыту үшін мемлекеттік медициналық мекемелер, жетекші медициналық орталықтар базасында кардиология, онкология, шұғыл жедел жәрдем, репродуктивті медицина және т. б. бағыттар бойынша медициналық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру ұсынылады.

 

Кездесу соңында Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларға қатысу, тәжірибемен және озық технологиялармен алмасу бойынша корей тарапының ұсыныстарын қарауға дайын екенін айтты.