Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау технологияларын бағалау ережесін бекітті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-85 «Денсаулық сақтау технологияларын бағалау ережесін бекіту туралы» бұйрығы бекітілді.
Осы Қағидалар қоғамға және бүкіл мемлекетке, денсаулық сақтау саласына күтілетін медициналық, әлеуметтік және экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін және халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатымен денсаулық сақтау технологияларын енгізу, қолдану және (немесе) шығару туралы шешім қабылдау үшін ғылыми негізді қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау технологиялардың бағалау (бұдан әрі- ДТБ) тәртібін реттейді. Қағидалар ДТБ өткізу кезінде ДТБ әдістерін, уақыт мерзімдерін және процестегі барлық қатысушылардың өзара әрекеттесуін көрсетеді.
ДСДРО қызметкерлері жобалы менеджмент оқуын өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
24-26 мамыр аралығында Нұр-Султан қаласында «Жобаларды басқару» жобалы менеджмент бойынша семинар өтті. Іс-шараны Қазақстандағы АМСК дамыту жөніндегі Жобалық офис құру аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды.
Семинарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, Электрондық денсаулық сақтаудың республикалық орталығының, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ, Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалалық емханалардың өкілдері EY бизнес Академиясының аға менеджері, MBA, PMP PMI, IPMA және CIA сертификатталған ұстаз-кеңесшісі, Светлана Яковлева бапкердің басшылығымен қатысты.
ДСДРО қызметкерлері мейіргерлік білім беру бакалавриатын дамыту болашағы жөніндегі конференцияға қатысты
- Толығырақ
- Автор: Super User
18 мамыр күні Атырау Жоғары медициналық колледжі Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Мейіргерлік білім беру жүйесіндегі қолданбалы бакалавриаттың дамыту болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Конференция жұмысына Лахти қолданбалы ғылымдар университетінің халықаралық сарапшылары - Ханнеле Тииттанен, Марьо Паловаара, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы – Мәншүк Аймұрзиева, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бастығы – Зауре Байғожина, сондай-ақ ҚР Медициналық колледждер одағының мүшелері, облыстық медициналық ұйымдардың директорлары, басшылары және т. б. қатысты.
ДСДРО қызметкерлері JCI аккредиттеудің жаңартылған халықаралық стандарты бойынша оқудан өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
2018 жылғы 14-16 мамыр аралығында Прагада Joint Comission international (бұдан әрі – JCI) ұйымдастырған Prague Foundations of Accreditation семинары өтті. Оқытуда JCI стандарттары арқылы пациентке күтім көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту мәселелері бойынша ақпарат ұсынылды, сондай-ақ амбулаториялық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттарының JCI 4 нұсқасы бойынша және стационарларға арналған аккредиттеу стандарттарының 6 нұсқасы бойынша, аккредиттеу процесі және халықаралық аккредиттеуге дайындық мәселелері бойынша шолу жүргізілді.
Іс-шараға Германия, Австрия, Армения, Чех Республикасы, БАӘ, Қытай және Франциядан келген денсаулық сақтау саласындағы жетекші әлемдік клиникалардың қызметкерлері және сапа саласындағы мамандар қатысты. Қазақстан Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Аккредиттеу орталығының қатысушыларымен ұсынылды.
ДСДРО-да Байқау кеңестерінің хатшыларын оқыту бойынша жаттықтырушыларға арналған тренинг өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
21-22 мамырда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында байқау кеңестері хатшыларының жұмысын оқыту бойынша аймақтық жаттықтырушылармен «Денсаулық сақтау жүйесіндегі корпоративтік басқару» тақырыбына оқыту семинар-тренингі өтті.
Корпоративтік хатшының орынбасары – «Самұрық-Қазына»АҚ Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы Жәрдем Құрманғазиев оқуға шақырылған спикер болды. Ол «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару органдарының практикалық жұмыс тәжірибесімен, оның ішінде корпоративтік хатшылар жұмысының және Қазақстандағы компаниялардың корпоративтік басқару жүйесінің жай-күйімен бөлісті.