ДСДРО нидерландтық сарапшылармен медициналық технологияларды бағалауды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

16 сәуірде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасының медициналық технологияларын бағалауды дамыту жөніндегі келісім-шарт шеңберінде Нидерландтық Нейгман университетінің (Stichting Katholieke Universiteit Nijmegen) халықаралық сарапшылар тобымен кездесу өтті.

 

Кездесуге нидерландтық Радбуд атындағы Университеттің медициналық орталығының сарапшысы Вайа Оортвайн және денсаулық сақтау экономикасы жөніндегі сербтік тәуелсіз кеңесші Таня Новакович қатысты. Диалог барысында халықаралық сарапшылар ДСДРО-ның медициналық технологияларды бағалау бөлігіндегі жұмысының ерекшеліктерін талқылады: Қазақстанда медициналық технологияларды бағалау жүзеге асырылатын негізгі қағидаттар, тәсілдер мен әдістер, диагностиканың, емдеудің, оңалтудың жаңа әдістерін және дәрілік заттарды ел дәрігерлерінің клиникалық практикасына және ТМККК және МӘМС тізіміне енгізу процестері.

 

Талдау және қорытындылар негізінде халықаралық сарапшылар мен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасын әзірлейді, оның мақсаты медициналық технологияларды бағалау жүйесін жетілдіру болады.