9-11 сәуір аралығында Бішкекте «Қырғызстанның денсаулық сақтау апталығы» аясында халықаралық медициналық көрме өтті, онда «Медициналық туризмді және импортты алмастыруды дамыту» бастамасын орындау шеңберінде көрмеге қатысқан Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері «Конвенцшн Бюромен» бірлесіп бірыңғай экспозицияны ұсынды.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы аясында іске асыруда.
Экспозицияда Нұр-Сұлтан және Алматының жетекші медициналық ұйымдары таныстырылды: Нұр-Сұлтанның Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы, Нұр-Сұлтанның Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Нұр-Сұлтанның «University Medical Center» КҚ, Алматының Қалалық кардиология орталығы, Нұр-Сұлтанның Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Нұр-Сұлтанның № 2 қалалық көпбейінді ауруханасы.
Көрмеге қатысудың арқасында қазақстандық тарап Қырғызстан, Ресей, Грузия, Түркия және Өзбекстаннан келген әріптестерімен медициналық туризм саласында қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін кеңейтті. Қырғызстан азаматтарының шетелде емдеу үшін негізгі қызықтырған бағыттары анықталды: нейрохирургия, кардиохирургия, трансплантология, репродуктивті медицина, офтальмология.
Әлеуетті пациенттер біздің клиникаларымыздың мүмкіндіктері туралы ақпарат алды және «Қазақстандық медицина күндері» іс-шарасына қызығушылық танытты, онда Қырғыз Республикасының азаматтары үшін Қазақстанның жетекші мамандарының шебер – кластары мен консультацияларын өткізу жоспарланып отыр.
Өз кезегінде, Қырғыз Республикасының дәрігерлері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жетекші клиникалары бойынша дәрігерлерге арналған алдағы Ақпараттық турға қатысуға қызығушылық танытты.