ДСДРО медициналық көмектің сапасын бақылау және құндылықтарға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы үздік әлемдік практикаға талдамалық шолулардың көпшілік талқылауын өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылғы 17 маусымда Нұр-Сұлтанда ДСДРО базасында медициналық көмектің сапасын бақылау саласындағы және құндылыққа бағытталған денсаулық сақтау саласындағы үздік әлемдік практикаларға талдамалық шолулардың көпшілік талқылауы өтті.
Іс-шараға ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан қ. Денсаулық сақтау басқармасы, Дүниежүзілік Банктің ЖБТ, ЖОО өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.
ДСДРО Киевте өткен медициналық және сауықтыру туризмінің VIII халықаралық көрмесіне қатысты
- Толығырақ
- Автор: Super User
11-12 маусымда Киев қаласында Медициналық туризмді дамыту жобасы аясында «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС қолдауымен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және жетекші отандық медициналық ұйымдардың өкілдері қатысқан медициналық және денсаулық сақтау туризмінің VIII халықаралық көрмесі өтті.
Қазақстандық және украиналық тараптардан басқа іс-шараға 10-нан астам елдің өкілдері қатысты: Австрия, Венгрия, Грузия, Үндістан, Латвия, Литва, Польша, Словакия, Түркия, Финляндия және Чехия.
Нұр-Сұлтанда ҚР-да онкологиялық қызметті қаржыландыру мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Нұр-Сұлтанда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ базасында онкологиялық қызметті қаржыландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға Ұлттық ғылыми онкология орталығының, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының, Нұр-Сұлтан қаласының Онкологиялық орталығының, Қарағанды облысының Облыстық онкологиялық диспансерінің, «Қазақстан гематолог дәрігерлерінің қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының өкілдері қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде «Халық денсаулығы туралы» жаңа Кодекс жобасындағы дәрігердің мәртебесі мәселесі бойынша кеңес өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылғы 13 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті мен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұйымдастыруымен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексі жобасындағы дәрігердің мәртебесі» мәселесін талқылау бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға ғылым және білім беру ұйымдарының, кәсіподақ ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Кеңестің модераторлары ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының м. а. Сәуле Сыдықова мен ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова болды.
ДСДРО қызметкерлері Медицина қызметкері күні қарсаңында марапатталды
- Толығырақ
- Автор: Super User