ДСДРО-да салалық біліктілік шеңберін және үздіксіз кәсіби дамыту жүйесін жетілдіру тәсілдері талқыланды

16 мамырда ДСДРО-да «Медицина қызметкерлерінің салалық біліктілік шеңберін (СБШ) және үздіксіз кәсіби даму жүйесін (ҮКДЖ) жетілдіру» тақырыбында «Атамекен» ҰКП, кәсіподақ ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шара жұмысына Skillscenter «Дағдылар мен құзыреттілік орталығы» одағының директоры, БҰҰ-ның Ресейдегі білім беруді дамыту жобасында сарапшысы, халықты жұмыспен қамту және құзыреттілік мәселелері бойынша Дүниежүзілік Банк жобасында сарапшы Павел Черных қатысты.

 

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар денсаулық сақтаудағы салалық біліктілік шеңберінің жобасын егжей-тегжейлі зерделеудің салалық кәсіби стандарттарды бекіту және ҮКДЖ шеңберінде біліктілік деңгейінің сәйкестігін бағалау үшін қажеттілігін талқылады. Бұл жоба SkillsCenter одағы мен Синергия Қорының «СБШ әзірлеу тәсілдері мен әдістемесі» семинарынан кейін әзірленді.