Клиникалық нұсқаулықтардың электрондық базасын қалыптастыру жөніндегі халықаралық компания Қазақстан үшін үйлестірушіні іздестіруде

Қазақстанда клиникалық шешімдерді қолдау бойынша British Medical Journal (BMJ) бастамасын дамыту шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында енгізу жөніндегі үйлестіруші қызметіне конкурс ашылды.

 

Менеджер клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау мәселелерімен айналысуы, оқыту жүргізуі қажет. Әрбір кандидат үшін міндетті шарт – Қазақстан азаматы болу.

 

Бұл жұмыс Қазақстанда инфекциялық ауруларды анықтауды, диагностикалауды және жүргізуді жақсартуға бағытталған шешім қабылдауды клиникалық қолдау жөніндегі BMJ бастамасының бір бөлігі болады. Бағдарлама 2019 жылы іске қосылады. BMJ Өңірлік даму жөніндегі менеджерімен және Лондондағы командамен байланыста жұмыс істей отырып, енгізу жөніндегі менеджер жобаны іске асыруды басқаратын болады.

 

Лайықты кандидат жұмыс басталғанға дейін Лондондағы кіріспе бөлімге баруы қажет, онда BMJ өңірлік даму жөніндегі менеджерімен және лондондық командамен бірге жобаны дамыту жоспары дайындалады

 

Жұмыс барысында үйлестіруші: BMJ елшісі ретінде әрекет етеді; жобаның мәні мен артықшылықтары туралы ақпараттандыру үшін жергілікті конференциялар мен іс-шараларға қатысады; дәрігерлер арасында BMJ және CDS Training Initiative өнімдерін пайдалануға қол жеткізуді қамтамасыз етеді және оны қолдайды; тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін өлшейді және ол туралы хабарлайды; денсаулық сақтаудың ішкі инфрақұрылымын, стратегияны, саясат пен проблемаларды түсіну үшін BMJ-мен кері байланыс жасайды.

 

Кандидаттарға арналған міндетті талаптар:

– ағылшын тілін еркін меңгеру;

– коммуникабельділіктің жоғары деңгейі (келіссөздер жүргізу және іскерлік хат алмасу);

؎ клиникалық, қоғамдық немесе ғылыми білімнің болуы;

– денсаулық сақтау, халықаралық даму немесе қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе

– мүдделі тараппен қарым-қатынас жасау дағдылары.

Қосымша талаптар:

– фриланстағы жұмыс тәжірибесі;

–халықаралық даму жобалары немесе мемлекет қаржыландыратын жобалар шеңберіндегі жұмыс тәжірибесі;

– саяси және үкіметтік динамиканы түсіну;

– Әлеуетті арттыру/оқыту бойынша семинарлар өткізу тәжірибесі.

 

Конкурстық комиссияға келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

  1. Түйіндеме/ CV;
  2. Ұсыныс хат;
  3. ҚР азаматының жеке куәлігі

Құжаттар топтамасын "BMJ конкурсы" деген белгімен скан-форматта мына e-mail-ге: akanov.a@rcrz.kz немесе akan-68@hotmail.com жіберу керек.

Құжаттарды қабылдау: 2019 жылғв 31 мамырға дейін.

Анықтама телефоны: 8-7172-700-950 (1135)