Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда МСАК жөніндегі Астаналық декларацияның денсаулық сақтау саласы үшін маңыздылығы талқыланды

Бүгін Алматыда Қазақстан ғалымы, Денсаулық сақтау саясаткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Айқан Ақанұлы Ақановтың құрметіне Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жүргізетін «Ақан оқулары: МСАК-тың  денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз етудегі рөлі» атты студенттер, жас ғалымдар мен оқытушылардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

 

Конференция жас ғалымдардың, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруға, олардың ғылыми ой-өрісін  және әртүрлі ғылыми бағыттар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге, өзекті ақпаратпен алмасуға, жастардың инновациялық әлеуетін анықтауға және дамытуға бағытталған.

 

Конференция ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманұлы Шармановтың кіріспе сөзімен ашылды.

 

Қатысушыларға қазақстандық ғалым, денсаулық сақтау саясаткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Айқан Ақанұлы Ақановтың университеттің дамуына ҚазҰМУ ректоры ретінде қосқан үлесі туралы қысқаша фильм, сондай-ақ РОӘК атқарушы директоры, профессор Қазбек Ағабылұлы Төлебаевты еске алуға және қосқан үлесіне арналған бейнебаян көрсетілді.

 

«Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз етудегі МСАК-тың рөлі» пленарлық сессиясында денсаулық сақтауды дамыту саласындағы шақырылған сарапшылар: «МСАК жөніндегі Астана декларациясының әлемдегі рөлі. Қазақстандағы МСАК реформасы» атты баяндамамен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова, «Жаппай қамтуды қамтамасыз етуге арналған арена ретіндегі адамдардың қажеттілігіне бағдарланған МСАК» атты баяндамамен ДДҰ Еуропалық орталығының алғашқы медициналық көмек жөніндегі кеңесшісі Арнольдас Юргутис; «Қазақстандағы және әлемдегі ҚЖА бақылауындағы МСАК-тың рөлі» атты баяндамамен «ҰМУ» АҚ Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Қайрат Давлетов;  «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова: «Табысқа жетудің қажетті шарты ретінде ҮЕҰ және БМСК серіктестігі»; сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында әлеуметтік бағдарланған МСАК-ты дамытудың негізгі аспектілері: проблемалары, жетістіктері мен перспективалары» атты баяндамамен «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының басқарма төрайымы Роза Абзалова сөз сөйледі.

 

Айнұр Айыпханова өз сөзінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ілгерілетудегі Қазақстанның халықаралық аренадағы көшбасшылығын және МСАК-ты қолдау және дамыту үшін Астана декларациясын енгізудің рөлін атап өтті.

 

Сондай-ақ, ДСДРО-ның бас директоры МСАК-ты жақсарту үшін Денсаулық сақтау министрлігі жүргізетін жұмыстың негізгі бағыттарын жария етті. Қазірдің өзінде әсерлі нәтижелер әкелген үлкен жұмыс жүргізілді:

 

–ДДҰ, ЮНИСЕФ және ҚР Үкіметінің жаһандық конференциясында қабылданған МСАК жөніндегі Астана декларациясы 2019 жылғы 1 ақпанда ДДҰ Атқарушы комитеті қабылдаған МСАК тақырыбына бүкіл әлемде МСАК-ты қолдауға арналған шешімдері бар қарардың арқасында бүкіл әлемде енгізілетін болады;

–Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға арналған  тәсіл ретінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге қазіргі таңда Қазақстан мен басқа елдердің мемлекеттік саясатында басымды рөл беріледі;

– Қазақстанда Еуропалық аймаққа жататын ДДҰ-ның географиялық жағынан қашық орналасқан офисі МСАК-ты дамытуға арналған жаһандық офиске айналады;

– МСАК-ты басымды дамытудың арқасында Қазақстанда медицинаның қолжетімділігі мен сапасы артады.

 

Қазірдің өзінде барлық өңірлерде МСАК-тың қазіргі заманғы тәсілдері: ауруларды басқару бағдарламасы және жүкті әйелдердің, жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажының әмбебап прогрессивті моделі енгізілуде. Бастапқы буын қызметкерлерінің жалақысын арттыру, цифрландыруды дамыту, сондай-ақ МСАК объектілерін ірілендіру және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру басталды.