Алматыда отбасылық дәрігерлердің өзекті мәселелері талқылануда

Алматыда 24-26 сәуір аралығында Қазақстанның отбасылық дәрігерлерінің 4 съезі өтіп жатыр, оған еліміздің барлық аймақтарынан келген отбасылық дәрігерлерден басқа Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген қонақтар қатысуда.

 

Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы болды.

 

Іс-шара барысында панельдік пікірталастар және өзекті мәселелер мен отбасылық медицинаның проблемаларын секциялық талқылау, пациенттердің қауіпсіздігі мен құқықтары мәселелері, МСАК мамандарының еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шаралар жүргізіледі.

 

Іс-шараға ДСДРО қызметкерлері де қатысты. Осылайша, Медициналық көмекті жетілдіру орталығының басшысы Жазира Иманова диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын сақтау қажеттілігі тақырыбын ашып, ДСДРО-ның медициналық көмекті жетілдіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы әңгімеледі. Ал стандарттар бөлімінің бастығы Лаззат Есбатырова дәрілік заттарды артық тұтыну (полипрагмазия) және инъекциялық препараттарды амбулаториялық деңгейде қолдану бойынша аналитикалық анықтамамен (Policy brief) сөз сөйледі.