Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық қоғам (ISQua) өзінің 20 жылдығын тойлайды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Биылғы жылы Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық қоғам (ISQua) Халықаралық аккредиттеу бағдарламасының (International Accreditation Programme) 20 жылдығын атап өтеді. 1999 жылы ISQua алғаш рет денсаулық сақтауды аккредиттеу жөніндегі бағдарламаларда Көшбасшылық бағдарламасын іске қосты (Agenda for Leadership in Programs for Healthcare Accreditation). Бұл бағдарламаның басты мақсаты аккредиттеу жөніндегі органдарды бағалау және олардың стандарттарын, сондай-ақ аккредиттеу процестерін бағалау жүйесін ұсыну болды.
Содан бері бағдарлама кеңейді және дамыды, енді ол Халықаралық аккредиттеу бағдарламасы (IAP) ретінде белгілі болды. Соңғы жиырма жыл ішінде қамту әлемнің 39 еліне дейін кеңейді және 2019 жылғы тамыздағы жағдай бойынша аккредиттеу стандарттарын бағалау үшін 207 сапарды, аккредиттеуші органдарды аккредиттеу бойынша 96 сапарды, сарапшыларға арналған 37 оқу бағдарламасын аккредиттеуді және жергілікті жерлерде аккредиттеуші органдар мен оқу бағдарламаларын құрамдастырылған 9 бағалауды қамтитын жалпы 349 бағалау өткізілді. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен қатар аккредиттелген ұйымдардың қатарына Біріккен Комиссия (JCI, АҚШ), Accreditation Canada (Канада), Денсаулық сақтаудағы малайзиялық сапа қоғамы (Малайзия), Денсаулық сақтау сапасы жөніндегі Жапон кеңесі (Жапония) және басқалар кіреді.
ДСДРО «Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында біліктілікті арттыру цикліне тыңдаушылар қабылданатындығы туралы хабарлайды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында бес күндік біліктілікті арттыру циклына тыңдаушылар қабылдайды.
Циклді өткізу күні 2019 жылғы 18-22 қараша.
54 сағаттық курс ҒЗИ және медициналық ЖОО басшыларына, қызметкерлеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілерге арналған.
Зарина Темекова ДСДРО бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды
- Толығырақ
- Автор: Super User
15 қазанда Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ДСДРО ұжымына ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханованы ҚР ДСМ Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлады. Денсаулық сақтау министрінің 10 қазандағы бұйрығына сәйкес ұйымның Бас директорының міндетін атқару Бас директордың орынбасары Зарина Темековаға жүктелді.
Сонымен қатар, ДСДРО Стратегиялық даму орталығының басшысы Жания Нұрғалиева Бас директордың орынбасары қызметіне тағайындалды және Менеджмент орталығының, Білім және ғылымды дамыту орталығының, Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының, Медициналық көмекті жетілдіру орталығының қызметіне жетекшілік ететін болады.
ДСДРО қалалық туризм бойынша Жаһандық Саммит аясында Нұр-сұлтан қаласының медициналық ұйымдары бойынша инфотур өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
11 қазанда қалалық туризм бойынша UNWTO 8 жаһандық саммиті аясында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Үндістан, Ресей Федерациясы, Италия, Испания, делегациялары үшін, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін Нұр-сұлтан қаласының жетекші медициналық ұйымдары бойынша ақпараттық тур өткізді.
Ақпараттық тур барысында делегаттар қаланың жетекші медициналық ұйымдары – "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ, "University Medical Center" корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханаларына барды.
ДСДРО 2019 жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша медициналық ЖОО-ларды, ҒЗИ, ҒО ғылым бойынша рейтингтік бағалау қорытындысын шығарды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2019 жылдың 1-жартыжылдығындағы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша медициналық ЖОО-лардың, ҒЗИ, ҒО рейтингтік бағалау қорытындысын шығарды және 2016 жылдан бергі кезеңдегі рейтингтік көрсеткіштер серпініне баға берді.
2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында медициналық ЖОО рейтингісінде келесі ұйымдар алдыңғы орында тұр: 1-ші орында – «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, 2-ші орында – «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, 3-ші орында – «Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ.