Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау

Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау уақытылы анықтау,асқынулардың алдын-алу,МСАК көрсететін медициналық қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлермен қоса,басқа да медициналық денсаулық сақтау ұйымдарында,медициналықпункт,дәрігерлік, амбулатория, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК), поликлиникалар (аудандық,ауданаралық,қалалық) жағдайында олардың профилактикалық  және медициналық реабилитация іске асыру мақсатында жүргізіледі.  

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен анықталған және бекітілген:

– медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) МСАК көрсету қағидаларына сәйкес ауруларды басқару бағдарламасы шеңберінде динамикалық бақылауға жататын аурулардың тізбесі бойынша;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) КДК көрсету қағидаларына сәйкес консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде динамикалық бақылауға жататын аурулардың тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

 

Сондай-ақ Қазақстанда 2019 жылғы 30 наурыздағы № ҚР ДСМ-16 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау қағидалары әзірленген және бекітілген.

 

Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау қағидалары: тәртібін реттейді және алғашқы тексеруді, тіркеуді, одан әрі қарауды, емдеуді және динамикалық бақылауды қамтиды. Созылмалы аурулары бар науқастардың динамикалық бақылауға алынған әлеуметтік қағидаларда қызметкерлердің, психологтардың және СӨС мамандарының функциялары сипатталған.