17 қыркүйекте №1 қалалық балалар ауруханасы және №13 қалалық емхана базасында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұйымдастыруымен пациенттің қауіпсіздігін сақтау бойынша үздік практикаларды енгізу бойынша шеберлік класы өтті.

 

Іс-шараға ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, ҚР ДСМ ТҚСҚБК-нің аумақтық департаменттерінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның, Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын алқылау және оған сәйкес шаралар қабылдау мақсатында алқа отырысы өтті.

 

Алқа отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштерінің өңірлердің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін дамытумен арақатынасы туралы айтып өтті.

 

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстанда МӘМС енгізуге дайындық барысы және ҚР-да жалпы өлім-жітімді төмендету шаралары туралы айтты.

9-13 қыркүйек аралығында Санкт - Петербургте әлемнің 150-ден астам елінен келген делегаттарды бір алаңға жинаған UNWTO Бас Ассамблеясының жиырма үшінші сессиясы болып өтті.

 

Қазақстандық делегация ДСДРО, ҚР МСМ жанындағы Туризм индустриясы комитеті, Астана Конвенцшн бюросы, сондай-ақ Испаниядағы ҚР Елшілігінің өкілдерінен болды.

 

UNWTO Бас хатшысы Зураб Пололикашвилидің қатысуымен өткен«Емдеу-сауықтыру туризмі» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі Форум маңызды іс-шаралардың бірі болды. Форумда емдеу-сауықтыру туризмі саласының ағымдағы жағдайы, даму үрдістері мен перспективалары, жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер талқыланды.

Бүгін ДСДРО-да қызметкерлер үшін МӘМС енгізу мәселелері бойынша түсіндіру дәрісі өтті. Спикерлері ретінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша тренингтен өткен Бас директор Айнұр Айыпханова мен Медициналық көмекті жетілдіру орталығының басшысы Жазира Иманова болды.

 

 Айнұр Айыпханова Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық барысы, нормативтік құқықтық базаны реттейтін ТМККК және МӘМС жаңа моделі, азаматтардың тәуекелдері мен санаттары туралы айтты. Сонымен қатар, азаматтарды амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері және дәрі-дәрмек беру кезіндегі цифрландырудың пайдасы қаралды.

5 - 6 қыркүйек аралығында Орал қаласында ДСДРО Батыс Қазақстан облысындағы медициналық ұйымдардың кадрлық қызмет мамандарына арналған семинар өткізді.

 

Семинар барысында ДСДРО кадрлар обсерваториясының бас маманы Галия Мусина медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне әдістемелік қолдау, персоналды басқарудағы инновациялар және стандартталған жұмыс рәсімдерін (HR management) қолдана отырып, ұлттық кадр саясатын жүзеге асыру туралы айтып берді.