ДСДРО Республикалық Медициналық палатаның 5-ші съезіне қатысты

4-5 қазанда Ақтөбеде Республикалық медициналық палатаның 5 съезі өтті. Съезд жұмысына 150-ден астам ресми делегат қатысты, олардың қатарында облыстық РМП филиалдарының өкілдері, медициналық және ғылыми ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ҚР ДСМ комитеттерінің қауымдастықтарының және ДСДРО өкілдері болды.

 

Съездің диалог алаңында Дәрілік заттар мен медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығының стандарттар бөлімінің бастығы Ләззат Есбатырова және Менеджмент орталығы денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары обсерваториясының бас маманы Еркен Хафизов баяндама жасады.

  

Съезд жұмысының барысында «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының» ережелерін іске асыру аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа үлгісін енгізу туралы мәселелер талқыланды.

 Сондай-ақ, денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының теңгерімсіздігі,  құрылымның және медицина кадрларын бөлудің оңтайсыздығы, медицина кадрларының біліктілігін арттыру жүйесінің практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі мәселелері қаралды.

 

Съезд жұмысының қорытындысы бойынша:

– Денсаулық сақтау туралы жаңа Кодекс жобасына ҚР Қылмыстық Кодексін және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу шеңберінде медицина қызметкерлерін әлеуметтік, қаржылық және физикалық қорғау шараларын күшейту туралы;

–еңбек жағдайларын жақсарту, МСАК-та жұмыс орындарын жабдықтау, еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау туралы ұсынымдар қабылданды.