Биылғы жылы Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық қоғам (ISQua) Халықаралық аккредиттеу бағдарламасының (International Accreditation Programme) 20 жылдығын атап өтеді. 1999 жылы ISQua алғаш рет денсаулық сақтауды аккредиттеу жөніндегі бағдарламаларда Көшбасшылық бағдарламасын іске қосты (Agenda for Leadership in Programs for Healthcare Accreditation). Бұл бағдарламаның басты мақсаты аккредиттеу жөніндегі органдарды бағалау және олардың стандарттарын, сондай-ақ аккредиттеу процестерін бағалау жүйесін ұсыну болды.
Содан бері бағдарлама кеңейді және дамыды, енді ол Халықаралық аккредиттеу бағдарламасы (IAP) ретінде белгілі болды. Соңғы жиырма жыл ішінде қамту әлемнің 39 еліне дейін кеңейді және 2019 жылғы тамыздағы жағдай бойынша аккредиттеу стандарттарын бағалау үшін 207 сапарды, аккредиттеуші органдарды аккредиттеу бойынша 96 сапарды, сарапшыларға арналған 37 оқу бағдарламасын аккредиттеуді және жергілікті жерлерде аккредиттеуші органдар мен оқу бағдарламаларын құрамдастырылған 9 бағалауды қамтитын жалпы 349 бағалау өткізілді. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен қатар аккредиттелген ұйымдардың қатарына Біріккен Комиссия (JCI, АҚШ), Accreditation Canada (Канада), Денсаулық сақтаудағы малайзиялық сапа қоғамы (Малайзия), Денсаулық сақтау сапасы жөніндегі Жапон кеңесі (Жапония) және басқалар кіреді.
2017 жылдың басында ДСДРО ISQua-мен әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін аккредиттеуші ұйым болып танылды, 4 жылдық мерзімге аккредиттеу жөніндегі сарапшыларға арналған оқу бағдарламасының аккредиттеуін алды. Сондай-ақ, ISQua Атқарушы органы стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын ұлттық аккредиттеу стандарттарының денсаулық сақтаудағы қауіпсіздік пен сапаның халықаралық қағидаттарына сәйкестігі туралы кезекті шешімін шығарды.
Аталған ақпарат ISQua мерейтойлық буклетіне енгізілді, ол сілтеме бойынша қол жетімді.