ДСДРО қалалық туризм бойынша Жаһандық Саммит аясында Нұр-сұлтан қаласының медициналық ұйымдары бойынша инфотур өткізді

11 қазанда қалалық туризм бойынша UNWTO 8 жаһандық саммиті аясында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Үндістан, Ресей Федерациясы, Италия, Испания, делегациялары үшін, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін Нұр-сұлтан қаласының жетекші медициналық ұйымдары бойынша ақпараттық тур өткізді.

 

Ақпараттық тур барысында делегаттар қаланың жетекші медициналық ұйымдары – "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ, "University Medical Center" корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханаларына барды.

 

 Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта әлемдегі алғашқы сымсыз механикалық құрылғы мен қосалқы қан сорғыш құрылғы имплантациясын өткізу туралы делегаттарға ұйым басқармасының төрағасы Юрий Пя айтып берді.

 

Ұлттық нейрохирургия орталығында делегаттар үшін ғылыми және стратегия жөніндегі директор Асхат Бралов экскурсия өткізді. Ал ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының қызметі туралы орталық директоры Бекбай Хайруллин айтып берді.

 

Экскурсия соңында делегация ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына барып, онда басшының орынбасары Тимур Мұратов ядролық медицина, эндоскопия бөлімшесінің жұмысымен және роботты хирургияның оқу орталығымен танысты.