Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында бес күндік біліктілікті арттыру циклына тыңдаушылар қабылдайды.
Циклді өткізу күні 2019 жылғы 18-22 қараша.
54 сағаттық курс ҒЗИ және медициналық ЖОО басшыларына, қызметкерлеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілерге арналған.
Цикл аясында келесі мәселелер қаралатын болады:
- денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу кезіндегі халықаралық стандарттарға шолу (GCP, GLP, GAP, GMP);
- ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру дағдылары;
- ғылыми жобаларды мониторингілеу, бағалау және ғылыми жобаларды орындау бойынша команданы ұйымдастыру дағдылары;
- ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша есептерді дайындау дағдылары (ғылыми есептер, жарияланымдар, қаржылық есептер және т. б.)
Оқытуды ДДҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі сертификатталған жаттықтырушылары жүргізеді.
Бір тыңдаушыға қатысу құны 42 619 теңгені құрайды (ҚҚС-пен).
Оқуға қатысуға ниет білдірушілер rcrz.nauka@inbox.ru эл. поштасына өтінім жібере алады немесе ДСДРО Білім беруді және ғылымды дамыту орталығының медицина ғылымын және этиканы дамыту бөліміне мына телефондар арқылы жүгінуге болады: 8 (7172) 700 950, ішкі 1115, +7 707 9400834, Аубакирова Алма Серкпаевна.