"Әрбір әйел, әрбір бала"

2019 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі атынанхалықаралық коалиция өткізген денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі саяси міндеттемелерді жұмылдыру үшін жоғары деңгейдегі «Әрбір әйел, әрбір бала» атты іс-шарада әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту тақырыбында панельдік пікірталаста сөз сөйледі.

 

Бұл іс-шараның мақсаты бүкіл әлемдегі әйелдер, балалар мен жасөспірімдер үшін денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз етуді талқылау болды. Іс-шараға ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус, Эстония Президенті Керсти Кальюлайд ханым, Финляндияның экс-президенті Тарья Халонен ханым, Жаңа Зеландияның экс-Премьер - министрі, Директорлар кеңесінің төрайымы - PMNCH -Хелен Кларк ханым, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Амина Джейн Мохаммед, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының атқарушы директоры (UNFPA) Наталия Канем ханым, Египеттің Денсаулық сақтау және халықты қоныстандыру министрі – Хала Заид ханым, Халықаралық медициналық студенттер қауымдастығы федерациясының президенті (IFMSA) - Батул Аль-Вахданисияқты әлемдік көшбасшылар қатысты.

 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша панельдік пікірталас барысында Айнұр Айыпханова Қазақстанның әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар саласындағы тәжірибесімен бөлісті және Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыс Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Қаржы министрлігі және Білім және ғылым министрлігі арасындағы мультисекторалдық тәсілге негізделгенін атап өтті.

 

Айта кету керек, А. Айыпханованың баяндамасы ұлттық қайғылы оқиғаны айтқан кезде, 2019 жылдың ақпан айында болған Нұр-Сұлтан қаласындағы жеке үйдегібес апалы-сіңілі қыздардың қаза болу оқиғасын ұлт қасіреті деп атауы тыңдаушылардың жүрегін қозғады. Әлеуметтік детерминанттар кешені, соның салдарынан жеке үйдің қауіпті жылытылуы бес қыздың тағдырының қайғылы нәтижесіне әсер етті.

 

Осы оқиғадан кейін қазақстандық аналар мен балалардың өмірі мен денсаулығы туралы мәселе ҚР Үкіметінен үлкен қолдау тапты. Әйелдер мен балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы жоғары саяси деңгейде бастамашылық жасады. ҚР Үкіметі аналардың әлеуметтік көмек агенттіктерінің «табалдырығын тоздырмаулары» үшін халықтың осал топтарына кедергілерді азайту бойынша жұмыс жүргізді және елдегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды.

 

Диалог соңында денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізудің басты жолдарының бірі медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде аналар, балалар мен жасөспірімдер үшін сапалы медициналық қызметтерді қамтамасыз ету болып табылатындығы түйінделді. Панельдік сессияға қатысушылар мен модератор Астана декларациясының бүкіл әлемде адамдардың денсаулығын нығайтудың негізі ретінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудағы маңыздылығын атап өтті.