ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК «Spina Bifida қоғамы» қоғамдық қорымен бірлесіп 2019 жылғы 27 қарашада мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру органдары мен медициналық ұйымдардың, ҮЕҰ-ның жұлын жарықтары бар балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша ынтымақтастығын нығайту шеңберінде дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, басқа да республикалық ұйымдардың өкілдері, сондай - ақ жұлынның грыжасы бар балалардың ата-аналары және НАО «МУА» интерн студенттері шақырылды.

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау шеңберінде медициналық технологияны бағалауды (бұдан әріө МТБ) енгізу және клиникалық тәжірибе сапасын арттыруды жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға арналған МТБ бойынша өтінімдерді қабылдаудың ашық екенін хабарлайды.

 

         Өтінімдер «Денсаулық сақтау технологияларын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2019 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-85 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес толтыруы қажет.

2019 жылғы 12-13 қарашада ДСДРО Менеджмент орталығының қызметкерлері Қызылордада «Денсаулық сақтау жүйесіндегі корпоративтік басқару» тақырыбында байқау кеңестері хатшыларының жұмысына оқыту бойынша семинар-тренинг өткізді

 

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, басшылар мен кадр қызметінің қызметкерлері, Қызылорда облысының 10 медициналық ұйымының заңгерлері мен Байқау кеңестерінің хатшылары оқытылды.

2019 жылғы 6-9 қараша аралығында Оман Сұлтандығында 43-ші Ауруханалар халықаралық конгресі өтті.

 

 Іс-шараға әлемнің 60 елінен келген 630-дан астам өкіл қатысты. Іс-шараға Қазақстаннан ДСДРО қызметкері қатысты.

 

Ауруханалардың халықаралық конгресі - бұл Халықаралық ауруханалар федерациясының (IHF) маңызды оқиғаларының бірі, ол денсаулық сақтау саласындағы ұлттық және халықаралық басқару саясатының негізгі факторларын талқылау үшін ұлттық және халықаралық ауруханалық ұйымдар мен қауымдастықтардың көшбасшыларын біріктіретін бірегей жаһандық форум болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмек учаскелерінде кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің төлемдерін бөлу тетігіне өзгерістер енгізді – алғашқы буын қызметкерлері үшін төлемнің ең төменгі және ең жоғарғы шекті мәндері белгіленді.

 

6 қарашада Денсаулық сақтау министрі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №429 бұйрығына өзгерістер енгізетін «Кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрыққа қол қойды.