2019 жылғы 23 қыркүйекте Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында «Денсаулық сақтау саясатында дәлелдемелерді пайдалану» республикалық кеңесі өтті. Кеңес жұмысына ҚР ДСМ, медициналық ЖОО, ҒЗИ, ҰО, үкіметтік емес ұйымдар және ДСДРО өкілдері қатысты.
Кеңес шеңберінде жағдаяттық талдаудың нәтижелері және денсаулық сақтау саясатын қалыптастыруда дәлелдемелерді қолдану тәжірибесін дамыту бойынша қажетті қадамдар талқыланды. ДСДРО қызметкерлері саясатты қалыптастыру үшін (Policy Brief) ғылыми деректердің талдамалық шолуларын әзірлеу негізінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін саясатты қалыптастыру саласына беру құралдарын енгізу тәжірибесін ұсынды.
Кеңес аяқталғаннан кейін қатысушылар үшін 26 қыркүйекке дейін созылған«Денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастыру саласына ғылыми зерттеулердің нәтижелерін беру әдіснамасы мен құралдары» атты үш күндік шеберлік класы өткізілді.
ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін талдау денсаулық сақтау жүйесіндегі басқару тиімділігі медициналық ұйымдарда қазіргі заманғы менеджментті енгізумен ғана емес, сонымен қатар салада саясатты қалыптастыру тәсілдерін өзгертумен қамтамасыз етілуітиіс екендігін көрсетеді. Еуропалық обсерватория денсаулық сақтау жүйелері мен саясатына денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастыру кезінде ақпараттық негізі жоғары сапалы ғылыми зерттеулер болуы тиіс нақты деректерді пайдалану қажеттігін көрсетеді.
Шеберлік класы саясатты қалыптастыру кезінде ғылыми деректерді пайдалану қағидаттарына ғылыми деректерді қалыптастыру және пайдалану саласындағы негізгі стейкхолдерлердің бейілділік деңгейін арттыру мақсатында өткізілдіІс - шара шеңберінде қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастыру үшін осы ғылыми зерттеулерді алудың, бағалаудың, бейімдеудің және қолданудың негізгі қағидаттарымен танысты, саясатты (бұдан әрі-Policy Brief) және қысқаша талдау анықтамалар (Rapid Review) қалыптастыру үшін ғылыми деректердің талдамалық шолуларын әзірлеу, саяси диалогтар жүргізу, денсаулық сақтау жүйесіне саяси шешімдерді енгізу тиімділігін бағалау құралы ретінде имплементациялық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу туралы түсінік алды.