15 қазанда Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ДСДРО ұжымына ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханованы ҚР ДСМ Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлады. Денсаулық сақтау министрінің 10 қазандағы бұйрығына сәйкес ұйымның Бас директорының міндетін атқару Бас директордың орынбасары Зарина Темековаға жүктелді.
Сонымен қатар, ДСДРО Стратегиялық даму орталығының басшысы Жания Нұрғалиева Бас директордың орынбасары қызметіне тағайындалды және Менеджмент орталығының, Білім және ғылымды дамыту орталығының, Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының, Медициналық көмекті жетілдіру орталығының қызметіне жетекшілік ететін болады.
Айнұр Тоқсанқызына, Зарина Мұхарқызына және Жания Тілегенқызына жаңа қызметтерінде табыс және кәсіби өсуді тілейміз!