Медициналық есеп құжаттамасы Қазақстан Республикасында оңтайландырылады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу шеңберінде есептік құжаттаманың 85% - дан астамы (155 нысанның 132 нысаны) электрондық форматқа ауыстырылды.
Марапаттар өз иелерің тапты
- Толығырақ
- Автор: Super User
А.ж. 12 желтоқсанында Тәуелсіздік күні қарсаңында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері ерекше марапатталынды. Ұйымның үздік қызметкерлерін марапаттау салтанатты іс-шара еліміздің басты мерекесі құрметіне арналған жиында өтті. Шараға ДСДРО ұжымы қатысты.
Бас директордың м.а. Зарина Темекова өзінің құттықтау сөзінде ұжымды осы күнмен құттықтады, сондай-ақ 28 жыл өткен соң Тәуелсіз Қазақстан қоғам өмірінің көптеген салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін, әлемдік қоғамдастықта лайықты мойындатқанын атап өтті.
ДСДРО «Қазіргі заманғы денсаулық сақтауды дамытудағы Фармация» атты І Халықаралық конференцияға қатысты
- Толығырақ
- Автор: Super User
А.ж. 10 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында Парламент Мәжілісі депутаттарының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан азаматтарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жауап беретін бірқатар ұйымдар мен ведомстволардың және фармацевтикалық жұртшылықтың қатысуымен «Қазіргі заманғы денсаулық сақтауды дамытудағы Фармация» атты халықаралық конференция өтті.
ДСДРО «Ұлттық дәрілік саясат. МӘМС енгізу шеңберінде жаңа мүмкіндіктер мен практикалық ұсыныстар» конференция өтеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
19-20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында ДСДРО базасында Ұлттық дәрілік саясат, МӘМС енгізу шеңберіндегі мүмкіндіктер мен ұсынымдарға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияға Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдарының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жауапты провизорлары мен фармацевттері, Денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері, СК-Фармация ЖШС өңірлік өкілдері, міндетті медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, фармацевтикалық индустрия өкілдері қатысады деп күтілуде.
Тіркелу сілтеме бойынша қолжетімді.
Нұр-Сұлтанда перинаталдық өлім және ана өлімі бойынша конфиденциалды аудит қорытындысы бойынша Республикалық кеңес өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Біріккен Ұлттар Ұйымы ЮНИСЕФ және ЮНФПА қорларының қолдауымен 2019 жылғы 28-29 қарашада Қазақстан Республикасы бойынша соңғы 9 жылда перинаталдық және ана өлімі жағдайларына құпия аудит жүргізу қорытындысын шығару бойынша Республикалық кеңес өткізді.
ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Ләззат Ақтаеваның төрағалығымен өткен іс-шарада 9 жыл қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері, жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету кезіндегі жүйелі проблемалар, өңірлерде ана өлімінің құпия аудитін және нәресте өлімінің құпия аудитін енгізу мәселелері, оларды кемшіліктерді жою шаралары талқыланды.