Ел халқына медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапқан денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Ел халқының, оның ішінде ауыл халқының, әсіресе шалғай және қатынасу қиын өңірлерде тұратын медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін республика бойынша 50 жылжымалы медициналық кешен (бұдан әрі – ЖМК) жұмыс істейді.

 

ЖМК дегеніміз ұтқыр медициналық бригадамен жасақталған және бейінді мамандардың (хирург, акушер-гинеколог, отоларинголог, офтальмолог, стоматолог) медициналық қарап-тексерулеріне, зертханалық және аспаптық зерттеулерге (ультрадыбыстық және рентгенологиялық), ауруларды ерте диагностикалауға арналған скринингтерге, динамикалық тексеруге, уақтылы сауықтыруға, оның ішінде балаларды сауықтыруға арналған амбулаториялық-емханалық кешен болып табылады.

2019 жылғы 4-8 қараша аралығында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы менеджментті, корпоративтік басқаруды және HR-менеджментті дамыту мәселелері бойынша біліктілікті арттырудың апталық циклін өткізеді (54 сағат көлемінде).

 

Оқыту цикліне Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, кадр қызметінің басшылары мен қызметкерлері, Атырау облысындағыБайқау кеңестерінің заңгерлері мен хатшылары қатысады.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық хаттамаларды (бұдан әрі – КХ) әзірлеу/қайта қарау жөніндегі функцияны бәсекелестік ортаға (бейінді медициналық қауымдастықтар, ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық орталықтар, медициналық жоғары оқу орындары) берген. Дәлелді медицина қағидаттарына сәйкестікке КХ әзірлеу/қайта қарау регламентіне сәйкес КХ тақырыптарына басымдық беру және әзірленген/қайта қаралған КХсараптамалық бағалау жөніндегі функциялар ДСДРО-ға берілді.

 

КХ әзірлеу және қайта қарау ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша жыл сайын жүргізіледі, бұл ретте 2016 жылы әзірленген (2019 жылы жаңартылған) және Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мақұлдаған КХ әзірлеу және қайта қарау регламентіне сәйкес КХ5 жылда кемінде 1 рет қайта қаралады. Қазіргі заманғы технологиялармен салыстырғанда артықшылығы бар диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу қажет болған жағдайда, негіздеме жәнеКХ клиникалық тиімділік пен қауіпсіздік туралы деректер, осы әдістердің дәлелділік деңгейі болған жағдайда кәсіби орта–медициналық ұйымдармен, ғылыми-зерттеу институттарымен, ұлттық орталықтарменбастамашылық тәртіппен қайта қаралуы және толықтырылуы мүмкін.

2019 жылғы 1 қарашада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының базасында Қазақстан мен Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау министрліктерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. 

 

Іс-шара Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі Жаһандық денсаулық сақтау департаментінің директоры Пак Чан-Гю мырза мен KHIDI Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының Жаһандық денсаулық сақтау департаментінің директоры Бэ Джа-Соп мырзаның басшылығымен Оңтүстік Кореядан келген бейінді бағыттағы өкілдерінің қатысуымен өтті. 

30 қазан - 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Конгресс орталығында «МЖӘ және инвестициядағыESG факторлары»атты бірінші халықаралық форумы өтуде, онда бүкіл әлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру перспективалары мен проблемалары талқылануда.

 

Іс-шара Азия Даму Банкінің қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі және«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-мен ұйымдастырылды,және диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналуы тиіс. Форум барысында көтерілген тақырыптар Қазақстандағы МЖӘ тетіктерін дамытуға қосымша серпін бере алады. Осы форумның тең ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және БҰҰДБ болып табылады.