ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы құрамында ДСДРО қызметкерлері Ташкентке барды
- Толығырақ
- Автор: Super User
26-27 тамызда Қазақстан делегациясы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесіп, Ташкенттің медициналық ұйымдарына барды.
Құрамында ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова, ДСДРО медициналық туризмді дамыту бөлімінің бастығы Ғалымжан Сейсенбек және « Қазақстандық жеке медициналық құрылымдарқауымдастығы» ЗТБ төрайымы және ҚР ДСМ бизнес кеңесінің мүшесі Гүлнара Өтепова бар қазақстандық делегация бірінші күні Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне Қазақстанның денсаулық сақтау реформасы туралы таныстырды.
Нұр-Сұлтанда практикалық денсаулық сақтауға мейірбикелік қызметтің жаңа моделін енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылғы 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 қалалық балалар ауруханасы базасында ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Сәуле Сыдықованың төрағалығымен «Практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік қызметтің жаңа моделін әзірлеу және енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар жұмысына шамамен 61 адам – ҚР пилоттық медициналық 31 ұйымының, 7 пилоттық жоғары медициналық колледждің, ҚР медициналық ЖОО, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкілдері, МСАК жөніндегі жобалық кеңсенің өкілдері, ДБ жобалық тобы және операциялық рәсімдер стандарттарын әзірлеушілер қатысты.
Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Қарағандыдағы медициналық ұйымдарға барды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Үш күндік сапар шеңберінде ДСДРО қызметкерлері Ресей Федерациясынан келген делегацияны Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау объектілерінің жұмысымен таныстырды
Кеше, сапар барысында РФ Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет және «Ұлттық сапа институты» ФМБМ өкілдерінен құралған делегация Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне барды. Ұлттық нейрохирургия орталығында делегация госпитальдық фармация бөлімінің қызметімен және дәрілік заттарды орталықтандырылған көбейту ерекшеліктерімен таныстырылды.
ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен РФ ДСМ «Ұлттық сапа институты» ФМБМ медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
- Толығырақ
- Автор: Super User
19 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың төрағалығымен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің және «Ұлттық сапа институты» ФМБМ делегациясымен кездесу өтті.
Ресей әріптестеріне қызмет көрсету сапасын арттыру саласындағы Қазақстанның тәжірибесін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова және ҚР ДСМ ДСДРО Бас директоры Айнұр Айыпханова таныстырды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингі жарияланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
ДСДРО ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін жеке медициналық мекемелерді қоса алғанда, ғылыми орталықтар/институттар мен медициналық ұйымдардың жыл сайынғы рейтингісін қорытындылады.
Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы және ресурстарды пайдалану тиімділігі саласындағы 50-ге жуық ең маңызды көрсеткіштер іріктелді.
Саралау әдістемесінде осы жылы кейбір көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті балл көтеріліп кеткен: САТ-пен емделген науқастардың өсу қарқыны, стационардағы өлім-жітім; алдын алуға болатын аналар өлім-жітімі жағдайларының саны және көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті балл төмендеді; ақпараттық медициналық жүйелердің болуы; пациенттердің қанағаттану деңгейі; персоналдың қанағаттану деңгейі; дәрігердің 1 ставкалық орташа айлық жалақысының аймақ экономикасындағы орташа айлық атаулы еңбекақыға арақатынасы. Сонымен қатар, рейтинг жүйесіне жаңа профиль қосылды – «Орталық аудандық ауруханалар».