ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰҒДСДО сарапшылары бірлесіп еліміздегі үздік тәжірибелер орталықтарының (бұдан әрі-ҮТО) қызметіне мониторинг жүргізу үшін өңірлерге бірқатар сапарлар жоспарланған.

         Осы сапарлардың негізгі мақсаты - ҮТО қызметімен танысу және олардың озық тәжірибелерін әрі қарай еліміздің қалған өңірлеріне тарату үшін ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

         Бұл жерде ҮТО бұл -  сапалы қызметтер көрсетудің жоғары деңгейімен, кешенділігімен, қауіпсіздігімен, қолжетімділігімен, нәтижелілігімен және экономикалық тиімділігімен, инновациялық технологияларды қолданумен, адам денсаулығына қамқорлығымен, денсаулықтың жақсартылған көрсеткіштерімен және халықтың қанағаттанушылығымен сипатталатын кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмекті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы немесе денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі екенін атап айту қажет.

         Бүгінгі күні еліміздің медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі-МСАК) саласында МСАК ұйымдарының базасында жалпы практика дәрігерлерінің медициналық көмек көрсетудің бастапқы буынын көздейтін отбасылық қызмет көрсету қағидаты бар 48 ҮТО халыққа қызмет көрсетуде.

         Ал, заманауи жабдықтармен жарақтандырылған ҮТО алғаш рет 2021 жылы Жамбыл облысында Меркі, Жамбыл аудандарында және Тараз қаласының № 5 емханасының базасында ашылған болатын.

 

 

         ҰҒДСДО сарапшылары Ұлытау облысы мен Шымкент қаласына жұмыс сапарлары барысында: қалалық, аудандық емханалар мен ауруханаларда, перинаталдық және онкологиялық орталықтарда болып, өңірлік денсаулық сақтау басқармалардың, медициналық ұйымдардың басшыларымен клиникалық хаттамалардың ендіру мониторингі туралы кездесулер өткізді.

Жалпы, ҰҒДСДО сарапшылары 3 тамыз айынан бастап 15 қыркүйек аралығында республиканың 8 өңірінде іссапарлармен барған болатын. Сарапшылар мониторингілеу жұмысын Астана қаласынан бастап, одан кейін Ақтөбе (Ақтөбе қаласы, Мұғалжар ауданы), Шығыс Қазақстан (Өскемен қаласы, Қатон-Қарағай ауданы, Солоновка ауылы), Батыс Қазақстан (Орал қаласы, Бәйтерек ауданы), Солтүстік Қазақстан (Петропавл қаласы, Явленка ауылы), Ұлытау облыстары (Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданы) және Алматы мен Шымкент қалаларында жүргізді.

         Сарапшылардың жұмыс сапарларының негізгі мақсаттары:

         - практикалық денсаулық сақтауға КХ-ны ендіру бойынша кедергілерді анықтау;

         -  КХ-да белгіленген ұсыныстардың сақталу дәрежесін бағалау;

         - КХ-ны ендіру негізінде медициналық көмек көрсету сапасының өзгеруін анықтау.

        Осы тұста айта кету керек, клиникалық хаттама бұл – халыққа көрсетілетін диагностика, емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік медициналық көмектің негізгі стандарттардың бірі болып табылады.

 

      Соңғы жылдары медициналық кадрлардың тапшылығы әлемдік деңгейдегі ең өткір мәселелердің біріне айналуда. Медициналық ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз ету медициналық көмектің, сондай-ақ, жалпы экономиканың сапасы мен қолжетімділігінің маңызды бөлігі болып табылады.

      Медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу үшін елімізде денсаулық сақтау жөніндегі тұжырымдамалар, Ұлттық жобалар іске асырылуда.

      Осындай жобалардың бірі Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айрықша тоқталған «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы болып табылады.

       Ұлттық жобада кадрлық тапшылықты еңсеру үшін бірнеше шаралар кешені қарастырылған.

       2025 жылға дейін ауыл халқына көмек көрсететін медициналық кадрларының ағымдағы және болжамды қажеттіліктін қалыптастыру үшін бүгін ҚР ДСМ және ҰҒДСДО өкілдерінің қатысуымен кадрлармен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін және өңірлердің денсаулық сақтау кадрлық ресурстарына қажеттілікті талқылау басталды.

      Аталған жұмыс Қарағанды және Ұлытау облыстарынан бастау алды.

      Осы тектес кездесулер қалған өңірлердің өкілдерімен кесте бойынша 22 қыркүйекке дейін жүргізілетін болады.

 

       Анықтама:

      Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын жүзеге асыру аясында «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірліп, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №962 қаулысымен бекітілген болатын.

      Жобаның негізгі мақсаты - ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру.

      Жоба шеңберінде резидентурада бейінді мамандарды даярлауға бөлінетін гранттар санын ұлғайту, медициналық ұйымдар жұмыскерлері жалақысының мөлшерін кезең-кезеңімен көтеруді, тұрғын үймен қамтамасыз етуді, медицина кадрларының үздіксіз кәсіби дамуы үшін жағдай жасауды, дәрігердің оған тән емес бірқатар функцияларын беру жолымен орта медицина жұмыскерінің мәртебесін күшейтуді, «тәлімгерлік институтын» ендіруді, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды қоса алғанда шаралар кешені көзделген.

 

         Іс-шараға еліміздің 9 өңірінен келген 25 медициналық мекемелердің денсаулық сақтау менеджерлері, медициналық техниканы жоспарлау мен қамтамасыз етуге жауапты мамандары қатысуда.

        Бір ай ішінде тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының медициналық техника саласындағы реттеушілік базасы және жүргізіліп жатқан орталықтандыру шеңберінде сатып алуды басқару, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, шешімдер қабылдау үшін менеджменттің заманауи құралдарын пайдалану, технологияны бағалау, оны сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша толық ақпарат берілетін болады.

        Оқудың спикерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК ", «СК-Фармация» ЖШС-ның жоғары білікті тәжірибелі сарапшылары болмақ.

        Сондай-ақ, медициналық техниканың жетекші өндірушілері, соның ішінде отандық өндірушілер курс тыңдаушыларына өз жабдықтарын ұсынуға мүмкіндіктері болады.

        Айта кетейік, медициналық техниканы жоспарлау мен сатып алуды оқыту бойынша бұл курс бүкіл республика бойынша, әсіресе өңірлерде мамандарға деген жоғары қажеттілікке байланысты ашылып, жүзеге асырылуда.

        Осы оқыту шеңберінде 2022 жылдың қараша айынан бастап 3 курста барлығы 76 адам біліктілігін арттырудан өткізілді.

        ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰҒДСДО медициналық техника бойынша курстарды тұрақты негізде өткізу туралы келісті.

        Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында ҰҒДСДО базасында осы тақырып бойынша оқуды жалғастыру жоспарлануда.

 

 

 

      2023 жылғы 5-8 қыркүйек аралығында Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана медицина университеті Ариэль университетімен (Израиль) бірлесіп ұйымдастырған халықаралық медициналық саммиті өтті.

      Саммит алаңы әлемдік деңгейдегі медицина ғылымы мен білімінің жаңа тенденцияларын талқылауға тамаша мүмкіндік туғызды.

      Гибридті форматта (онлайн және офлайн) өткен іс-шараға Қазақстан, Израиль, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан, Литва, Чехия, Корея, Жапония және басқа елдердің жетекші университеттерінің декандары, кафедра меңгерушілері, профессорлары, жас ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.

      Үш күн ішінде, саммитте «Университеттер ХХІ ғасырдың сын-қатерлеріне қалай жауап беруі керек?» атты ректорлар форумы, «Университет мектептері үшін оқыту мен зерттеудегі 21 ғасырдың сын-қатерлері» тақырыбындағы декандар форумы, үздік баяндамалар байқауымен ұштасқан жас ғалымдар форумы, панельдік пікірталастар, жас ғалымдардың MedTech Стартап-жобаларының Питч-сессиялары ұйымдастырылды. Осылайша шара қатысушылар арасындағы жеке диалогқа кең мүмкіндіктер беріп, бұл өзара тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етті.

      Саммит жұмысы барысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселе, ХХІ ғасырдағы клиникалық компоненттің сапасын жақсарту мәселесі жеке сессияда талқыланды.

      Жиында медициналық білім берудегі клиникалық хаттамалардың рөлі туралы Басқарма төрайымының орынбасары А. Табаров айта келе біздің еліміздегі КХ-ның қызметі, КХ-ны енгізу және практикада мониторингтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол білім беру процесінде КХ-ны енгізу жұмысы мен мониторинг туралы сөз етті.