ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰҒДСДО сарапшылары бірлесіп еліміздегі үздік тәжірибелер орталықтарының (бұдан әрі-ҮТО) қызметіне мониторинг жүргізу үшін өңірлерге бірқатар сапарлар жоспарланған.
Осы сапарлардың негізгі мақсаты - ҮТО қызметімен танысу және олардың озық тәжірибелерін әрі қарай еліміздің қалған өңірлеріне тарату үшін ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Бұл жерде ҮТО бұл - сапалы қызметтер көрсетудің жоғары деңгейімен, кешенділігімен, қауіпсіздігімен, қолжетімділігімен, нәтижелілігімен және экономикалық тиімділігімен, инновациялық технологияларды қолданумен, адам денсаулығына қамқорлығымен, денсаулықтың жақсартылған көрсеткіштерімен және халықтың қанағаттанушылығымен сипатталатын кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмекті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы немесе денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі екенін атап айту қажет.
Бүгінгі күні еліміздің медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі-МСАК) саласында МСАК ұйымдарының базасында жалпы практика дәрігерлерінің медициналық көмек көрсетудің бастапқы буынын көздейтін отбасылық қызмет көрсету қағидаты бар 48 ҮТО халыққа қызмет көрсетуде.
Ал, заманауи жабдықтармен жарақтандырылған ҮТО алғаш рет 2021 жылы Жамбыл облысында Меркі, Жамбыл аудандарында және Тараз қаласының № 5 емханасының базасында ашылған болатын.