Елордада еліміздің ғылымын дамыту мәселелері талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Ғылымның дамуы - елдің тұрақты және қарқынды дамуында ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда елдегі өзекті мәселелерді шеше білу және әлемдік қоғамдастықтағы ғылыми өмірге араласу үшін бізге барлық деңгейлерде ғылым саласындағы білім беруді нығайту және ғылыми зерттеу әлеуетін дамыту қажет.
Осы жұмыстарды іске асыру үшін Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығының (бұдан әрі-ҰҒДСДО) алаңында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясымен (бұдан әрі-ҰҒА) «Ғылымды дамытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
ҰҒА - жалпы ғылымның біріктіруші орталығы, сондай-ақ іргелі және қолданбалы зерттеулердің үйлестірушісі болып табылатынын атап өту қажет. ҰҒА-ның негізгі міндеттері - ғылымның қазіргі жай-күйіне талдау жүргізу, Қазақстанда ғылымның дамуын болжау және ғылыми бағыттардағы басымдықтарды айқындау болып табылады.
Ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына ҰҒА-ның Вице-президенті Л.Т. Ералиева, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың Вице-президенті Н.М. Петухова, сондай-ақ, ҰҒДСДО, ұлттық ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтар мен медициналық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар ғылымның, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің, сондай-ақ клиникалық зерттеулердің проблемалық мәселелерін жіті талқылады.
Жалпы дөңгелек үстел жиын қатысушыларынының белсендігінің арқасында ерекше форматта өтті. Себебі, жиын қорытындысымен сарапшылар отандық ғылымды одан әрі дамытудың негізі бағыттарын талқылап, бірлескен шешімдер қабылдады.
Осы тұста, айта кету қажет, бүгінгі таңда ҰҒДСДО-да нысаналы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.
Аталған маңызды жұмыстың негізінде болашақта ҰҒДСДО клиникалық зерттеулер бойынша үйлестіруші болуды жоспарлап отыр.
ҰҒДСДО өңірлік деңгейде практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингілеу бойынша жұмысты жалғастыруда
- Толығырақ
- Автор: Super User
Практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамалардың (бұдан әрі-КХ) енгізілуін мониторингтеу үшін ҰҒДСДО қызметкерлері арасында өңірлерге бару үшін сарапшылардан құралған арнайы топтары жасақталған болатын.
ҰҒДСДО сарапшылары осы аптада Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарынаА (бұдан әрі-ШҚО) жұмыс сапарымен барды.
Бірінші топтың ШҚО-ға жұмыс сапары барысында сарапшылар ШҚО облыстық мамандандырылған медициналық орталығына, Өскемен қаласының №2 қалалық емханасына, Катонқарағай аудандық ауруханасына және Катонқарағай ауданы Солоновка ауылының дәрігерлік амбулаториясына барып, жұмысымен танысты.
Сарапшылардың екінші тобы Ақтөбе облыстық медициналық орталықта, №3 қалалық емханада және Мұғалжар аудандық ауруханасында болды.
Мониторинг шеңберінде сарапшылар медициналық ұйымдардың басшылары мен медицина қызметкерлеріне сауалнама жүргізеді, медициналық карталарды талдайды және кері байланыс орнату және медициналық ұйымдарда КХ-ны енгізу бойынша кедергілерді анықтау үшін «сұрақ-жауап» форматымен жұмыс кеңестерін өткізуде.
Жүргізіліп жатырған мониторингтің басты міндеті КХ-да белгіленген ұсынымдардың сақталу дәрежесін бағалау, КХ-ны одан әрі жетілдіру және оларды облыс, қала, аудан және ауыл деңгейлерінде медициналық ұйымдарда енгізу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында практикалық денсаулық сақтауға КХ-ны енгізу негізінде медициналық көмек көрсету сапасының өзгерістерін айқындау болып табылатынын атап өткен жөн.
Келесі аптада ҰҒДСДО сарапшылары Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының медициналық ұйымдарына барады.
Айта кету керек, КХ-ны енгізу мониторингі ағымдағы жылдың тамыз айында Астана қаласынан басталды.
ҰҒДСДО амбулаториялық деңгейде қант диабеті, артериялық гипертензиясы бар науқастар мен ювенилді артриті бар балалардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейін бағалау үшін сауалнама жүргізуде
- Толығырақ
- Автор: Super User
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2023 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында артериялық гипертензиясы, қант диабеті бар науқастар және ювенилді артритке шалдыққан балалар арасында сауалнама жүргізу басталды.
Сауалнамалар электронды түрде сұрау арқылы жүргізіледі. Жаппай сауалнама жүргізудің басты мақсаты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі, оның ішінде дәрілік-дәрмектің қолжетімділігі, дәрілік терапияға бейілділігі және халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі туралы ақпараттандырылуға бағалау жүргізу болып табылады.
Жүргізілген сауалнаманың нәтижесі амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу деңгейін жақсарту бойынша шешім қабылдауға ықпал ететін ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Мына сілтемелерді пайдалану арқылы, сауалнамадан өтуіңізге болады:
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бейілділігі мен қанағаттануы бойынша сауалнама ⤵️
https://ru.surveymonkey.com/r/QTXBMBN
Қант диабетімен ауыратын науқастарды амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бейілділігі мен қанағаттануы бойынша сауалнама ⤵️
https://ru.surveymonkey.com/r/QR5GDKY
Қант диабеті бар балаларды амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бейілділігі мен қанағаттануы бойынша ⤵️
https://ru.surveymonkey.com/r/K5HSNJG
Ювенильді артриті бар балаларды амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бейілділігі мен қанағаттануы бойынша ⤵️
https://ru.surveymonkey.com/r/QTJGBGJ
ҰҒДСДО сұрауға қызығушылық танытқаныңыз және маңызды сауалнамаға қатысқаныз үшін алдын-ала алғыс білдіреді!
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау бойынша оқыту басталды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін ҰҒДСДО алаңында денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар мен менеджерлер, бейінді дәрігерлер, сарапшы дәрігерлер, мейіргер бакалаврлары, мейіргер мамандар үшін оқыту басталды.
Оқыту тыңдаушылардың әлемдегі медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы негізгі үрдістері, денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаттарын қолдану, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтаудағы аккредиттеу стандарттарына сәйкес медициналық ұйымды аккредиттеуге дайындау жөніндегі қызметті ұйымдастырудың негізгі қағидалары бойынша білім алу мен жетілдіруге бағытталған.
Аталған оқу осы жылдың 18 тамызына дейін жалғасатын болады.
Оқытуға қатысты барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз ҰҒДСДО-ның аккредиттеу департаментіне және білім беру бағдарламаларын басқару орталығына 8172 700-950 (ішкі.1143, 1106, 1028) нөмірлері бойынша хабарласа аласыз.
С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы мен Pfizer ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада ағымдағы жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-ҰҒДСДО) және ҚР - дағы «Pfizer Export B. V.» (бұдан әрі- Pfizer) компания өкілдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты - ҰҒДСДО мен Pfizer арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнату арқылы еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар, келісім аясында екі ұйым елдегі бірқатар бірлескен іс-шараларда, оның ішінде әртүрлі жобаларға инвестициялар тартуда, медициналық және зертханалық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты клиникалық практика деректерін бағалау үшін ғылыми жобаларды жүргізу бойынша бірлесуге, инвестициялық жобаларды әзірлеуде және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасауда өзара іс-қимыл жасауға уағдаластық жасалды.
Кездесу барысында тараптар, осы құжаттың қол қойылуы елдің денсаулық сақтау саласын халықаралық деңгейде дамыту жөніндегі миссияны бірлесіп іске асыруға серпін беретінін атап өтті.
Анықтама:
«Pfizer» биофармацевтикалық компаниясы денсаулық сақтау саласындағы жобаларды әзірлеумен айналысатын әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады.
Компания 170 жылдан астам уақыт бойы адамдардың игілігі үшін жұмыс істеуде. Біздің елімізбен Pfizer 1995 жылдан бастап инновациялық терапиядағы және аурудың алдын алудағы алдыңғы қатарлы шешімдердің көмегімен қоғамдық денсаулықты нығайту үшін үздіксіз ынтымақтасуда.