ҰҒДСДО «медициналық ұйымдарда пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсын өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Елордада 2023 жылдың 9 мен 13 қазаны аралығында Қазақстанның медициналық мекемелерінің басшылары мен мамандары үшін «Медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктіліктік арттыру курсы шеңберінде оқу өтті.
Бұл оқытудың мақсаты - тыңдаушыларды науқастарды қолдау қызметтерінің өзекті мәселелерімен таныстыру болып табылады.
Курс бағдарламасы шеңберінде медициналық ұйымдардың басшылары, сапа жөніндегі басшылардың орынбасарлары, науқастарды қолдау қызметтерінің және медициналық ұйымдардың ішкі сараптамасының басшылары көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру және медициналық көмектің сапасына сараптама жасау бөлігінде білімдерін жетілдірумен қатар, медициналық ұйымдарда сапа мен тәуекелдерді басқару бағдарламаларын қалыптастыру бойынша жаңа құзыреттерге ие болды.
Сонымен қатар, оқыту барысында ҚР өзекті нормативтік-құқықтық актілері, медициналық көмек көрсетуді және аккредиттеуді ұйымдастырудың заманауи стандарттары, медициналық көмектің сапасын бағалаудың параметрлері мен индикаторларымен танысты.
Оқытуды медициналық ұйымдардағы сапаны басқару және медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы жетекші мамандар жүргізді.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Евгеньевич Гуляевтың 70 жылдық мерейтойына арналған Қазақстанның клиникалық фармакологтарының III-ші халықаралық Конгрессі өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 12-13 қазанында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.ғ.д., профессор А. Гуляевтың 70 жылдық мерейтойына арналған Қазақстанның клиникалық фармакологтарының III халықаралық Конгресі өткізілді.
Конгресс жұмысына Польша, Румыния, Украина, АҚШ, Ресей Федерациясы, Молдова және Қазақстанның клиникалық фармакология саласындағы ғалымдары мен мамандары, дәрігерлер, медициналық, кәсіптік қауымдастықтары мен ғылыми ұйымдарының қызметкерлері қатысып, баяндама жасады.
Конгресс барысында клиникалық және жалпы фармакологияның, клиникалық фармацияның, денсаулық сақтаудағы клиникалық фармакология қызметін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, конгресс аясында жас ғалымдар байқауы және оқу, ғылыми және клиникалық процесті ақпараттық қамтамасыз ету бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылған болатын.
Осы іс-шараға ҰҒДСДО сарапшылары онлайн форматта қатысып, қатысушыларға ҚР-да орфандық аурулары (сирек кездесетін) бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің негізгі аспектілері бойынша баяндама ұсынды. Баяндамада елімізде орфандық аурулар (сирек кездесетін) мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесін қалыптастырудың нормативтік құқықтық базасы, орфандық ауруларды (сирек кездесетін) емдеуге арналған мен дәрілік заттар тізбесін қалыптастыру қағидалары, емдеудің клиникалық хаттамаларына дәрілік заттарды енгізудің дәлелділік деңгейлері ұсынылды.
Елдегі медициналық туризмді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Президент жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында елдің туристік саласын дамытуды жандандырудың маңыздылығын атап өткен болатын.
Бүгінгі таңда медициналық туризм жалпы туристік саланың бір бөлігі болып табылады. Оның айналымын шетелге операциялар мен басқа да медициналық процедураларға баратын саяхатшылар құрайлы.
Қазіргі таңдағы елдегі медициналық туризді дамытудағы өзекті мәселелер мен шешу жолдарын талқылау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, қазақстандық медициналық туризм қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы, Астана даму орталығы және республикалық ұлттық ғылыми орталықтар өкілдерінің қатысуымен бірінші кеңес өткізілді.
Осы кеңесте ҰҒДСДО медициналық туризмді дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын таныстырды, сондай-ақ, медициналық туризмді дамытудың халықаралық тәжірибесімен және елдің медициналық туризмін дамыту жолындағы өзекті мәселелеріне тоқталды.
«Бүгінгі таңда медициналық туристер үшін ең тартымды елдер-Оңтүстік Корея, Германия, Ұлыбритания, Түркия, Жапония және Канада. Жалпы алғанда, медициналық туризмнің сипаты әлемнің әр түкпіріндегі озық технологиялар мен жоғары технологиялық қызметтер төңірегінде өрбуде. Бүгінде әлемдегі медициналық туризм саласындағы кең таралған қызметтері бұл - онкология, бедеулікті емдеу, кардиохирургия, мүшелер мен тіндерді трансплантаттау, ортопедиялық операциялар, стоматологиялық көмек және медициналық тексерулер болып отыр. Өз кезегінде, бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық туризмді дамыту үшін атаулы факторлар бар, бұл географиялық орналасуы, саяси тұрақтылық, ТМД азаматтары үшін тілдік тосқауылдың болмауы, медициналық инфрақұрылым және білікті медицина қызметкерлер», - деп атап өтті ҰҒДСДО Басқарма төрайымының орынбасары.
Бұл жерде айта кету керек, кеңес барысында ҰҒДСДО-ны республика бойынша медициналық туризмді дамыту жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып белгілеу ұсынылды.
Бұдан әрі кеңес жұмысында ҚР ПІБ клиникасы мен ұлттық ғылыми денсаулық сақтау орталықтары өкілдерінің медициналық қызметтер мен медициналық туризмді дамыту бойынша баяндамалары тыңдалды.
Жалпы жиын барысында қатысушылар осы тақырыптағы өзекті мәселелерді, тұтастай алғанда елдің медициналық туризмін дамытудың перспективалық бағыттарын талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар осы тақырып бойынша келесі жиынды мүдделі тұлғаларды тарта отырып, неғұрлым кең форматта ұйымдастыру қажет деген пікірге келді.
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының сарапшылары инфекционистер мен эпидемиологтардың III қазақстандық конгресінің жұмысына қатысты
- Толығырақ
- Автор: Super User
Елордада 2023 жылғы 5-6 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен халықаралық «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары» атты инфекционистердің III қазақстандық конгресі өтті.
Екі күн ішінде конгресс қатысушылары жұқпалы аурулар тақырыбын кеңінен талқылады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды емдеу, жұқпалы аурулардың жағдайлары мен ерекшеліктеріне клиникалық талдау жүргізілді, бұл мәселелер тек ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі дәрігерлерге де қызықты болды. Жиын барысында жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасына және оның даму перспективаларына, зертханалық диагностикаға, жұқпалы аурулардың дәрілік терапиясына ерекше назар аударылды.
Конгресс аясында спутниктік симпозиумдар, секция отырыстары, пленарлық отырыстар өткізілді.
Осындай секциялардың бірінде «Клиникалық хаттамаларды жетілдіру аспектілері жұқпалы аурулар» (антибиотикалық терапия) бейіні бойынша» Дәрілік саясатты жетілдіру департаментінің директоры баяндама жасаған болатын.
«Өздеріңіз білетіндей, клиникалық емдеу хаттамасы пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар болып табылады. Бүгінгі таңда республика бойынша 1103 қолданыста клиникалық емдеу хаттамалары болса, оның 6% - ы (66 КХ) «Жұқпалы аурулар» бейіні бойынша. Бірақ, бактерияға қарсы ұсынылатын препараттардың басым бөлігі Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, ҚҰФ-қа енгізілген. Алайда, ҚР - да тіркелмеген бактерияға қарсы бірқатар қажетті дәрілік заттар да бар екендігін атап өткен жөн», - деді сарапшы.
Жалпы, конгресс жұмысы практикалық медицина қызметкерлерінің өзекті инфекциялық және эпидемиологиялық аурулар туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді, сондай-ақ мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі құрылымдарының өзара іс-қимылына ықпал ететіні сөзсіз.
ҰҒДСДО медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздері бойынша тыңдаушылардың төртінші легін дайындады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында негізгі бағыттардың бірі -медициналық ұйымдарды заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты, қажетті жабдықтармен жарақтандыру және сатып алу негіздерін үйрету мақсатында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері үшін оқыту курсы әзірленген болатын.
Оқу циклін әзірлеуші және ұйымдастырушы - ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК.
Медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу бойынша 2022 жылғы қараша айынан бастап дайындалып, шығарылған тыңдаушылардың төртінші легі.
Осы тұста айта кету керек, осы курс шеңберінде төртінші лекті оқыту 11 қыркүйектен 6 қазанға дейін жүргізілді.
Осы курсқа қатысу үшін республиканың 9 өңірінен 25 қатысушы келген болатын.
Жалпы бір ай ішінде тыңдаушыларға республиканың медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік, реттеуші базасы және жүргізіліп жатқан орталықтандыру шеңберінде сатып алуды басқару, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, шешімдер қабылдау үшін менеджменттің заманауи құралдарын пайдалану, технологияны бағалау, оны сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру, денсаулық сақтау нысандары және т.б құрылысты жоспарлау ерекшеліктері бойынша толық ақпарат берілді.
Оқытуды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының, «СК-Фармация» ЖШС және «Turar Healthcare» КЕАҚ жоғары білікті сарапшы-практиктері жүргізді.
Сонымен қатар, оқыту аясында тыңдаушылар Астанадағы жетекші медициналық ұйымдарына барды. Оның ішінде, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, «University Medical Center» диагностикалық орталығында болып, медициналық ұйымдардың қызметімен жіті танысты. Шығулар барысында орталықтар мамандары пайдаланатын жаңа технологиялар мен озық жабдықтармен, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуға және қызмет көрсетуге жауапты қызметтердің жұмысын ұйымдастырумен танысу мүмкіндігі болды. Осы медициналық мекемелердің өкілдері қонақтармен соңғы медициналық техниканы қолдана отырып пациенттерді емдеу тәжірибесімен бөлісті және қолданыста бар жабдықтарын көрсеткен болатын.
Тағы бір айта кететін жәйт, ҰҒДСДО осы тақырыптағы оқыту курсын ағымдағы жылдың қараша айында өткізуді жоспарлауда.