Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 2012-2022 жылдардағы денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндаманы дайындады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Осы құжаттың мақсаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі ағзаларының, ұйымдары мен құрылымдарының өткен 10 жылдағы қызметінің қорытындыларын шығару, жүргізілген реформалардың негізділігі мен нәтижелілігін талдау, халықаралық тәжірибені зерделеу, денсаулық пен денсаулық сақтау жүйесін бағалаудың әлемдік рейтингтеріндегі республиканың денсаулық сақтау орнын айқындау және жүйені одан әрі жетілдіру жолдарын белгілеу болып табылады.
Баяндамада келтірілген барлық деректер денсаулық сақтау субъектілерінің статистикалық есептерінен, республиканың мемлекеттік органдарының және халықаралық ұйымдардың ресми деректерінен және тәуелсіз көздерден алынған. Баяндаманы дайындауға өңірлік және республикалық маңызы бар мемлекеттік және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларға, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты қызметкерлеріне ерекше үлес қосқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Денсаулық сақтау жөніндегі Баяндаманы жариялаудың алғашқы тәжірибесі денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, басқа ведомстволар басшыларының арасында резонанс тудырады және жыл сайын денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баянда- ма түрінде жыл қорытындысын шығару дәстүрге айналады деп үміттенеміз.
Әр түрлі, кейде өте күмәнді көздерден алынған ақпараттың жаһандық ағыны дәуірінде қол жетімді, ресми және ең бастысы сенімді ақпараттың болуы денсаулық сақтау мәселелеріне қызығушылық танытқандар үшін пайдалы болатынына сенімдіміз.
Ұлттық баяндаманы мына сілтеме бойынша өтіп (баяндама), жүктеп алуыңызға болады.
Сыртқы кешенді бағалау бойынша 25 тыңдаушы оқудан өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Елордада денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдардың қызметтеріне сыртқы кешенді бағалау жүргізуге арналған оқыту курсы аяқталды.
Бұл курс медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектің дамуы мен қолжетімділігіне жауапты денсаулық сақтау ұйымдастырушылар мен менеджерлер, бейінді дәрігерлер, сарапшы дәрігерлер, мейірбике ісі бакалаврлар мен басқаруды ұйымдастыруға және сапаны қолдауды қамтамасыз етуге жауапты орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналды.
Оқыту курсы қатысушыларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы стандарттау және аккредиттеу саласындағы реттеуші базасының негіздерін таныстыруға, медициналық ұйымдарда іске асырылатын процестерді бағалау, медициналық қызметтердің сапасын басқару және тиімді коммуникациялар жүргізу, ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама аясында теориялық сабақтар, өмірдегі практикалық жағдайлар және аккредиттеу саласындағы өзекті мәселелерге арналған панельдік пікірталастарды қамтып, өткізілді.
Тындаушылар курс барысында медициналық мекемелерді сыртқы кешенді бағалау процестері туралы терең білім алып, аккредиттеу стандарттарын тиімді енгізу үшін қажетті дағдыларға ие болды. Сондай-ақ, денсаулық озық жақсы тәжірибелерімен танысты.
Денсаулық сақтау мамандарын осы тақырыпта оқыту медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесіне халықтың сенімін арттыруға бағытталған.
Біз өз тарапымыздан курс қатысушылары алған білімдері мен дағдыларын өңірлерде медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі дамытуға ықпал етіп, күнделікті тәжірибелерінде қолдана алатындығына сенеміз.
2023 жылы ҰҒДСДО 16 медициналық ұйымды аккредиттеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
2023 жылдың қорытындысымен ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы денсаулық сақтау саласындағы 16 медициналық ұйымды аккредиттеді. 16 медициналық ұйымның (бұдан әрі-МҰ) ішінен 3-уі жеке, қалған 13-і мемлекеттік ұйымдар болып табылады. Оларды санаттарға жіктесек, жоғары - 7 МҰ (43,75%), 1-ші – 8 МҰ (50%), 2-ші – 1 МҰ (6,25%) берілді.
Жалпы біздің орталық ҚР денсаулық сақтау саласындағы жетекші ұйымдардың бірі болып табылады. Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға орасан зор үлес қосуда.
Сонымен қатар, бүгінгі күні уәкілетті органның шешіміне сәйкес біздің Орталық аккредиттеуші орган болып табылатынын атап өткен жөн.
Ал, аккредиттеу процесін біздің орталықтың медицина саласында үлкен тәжірибесі мен білімі бар сарапшылары жүргізеді. Осылайша, біз медициналық ұйым ұсынатын қызметтердің сапасы объективті және тәуелсіз бағалау жүргізілетіндігіне кепілдік береміз.
Өз кезегінде аккредиттеу сіздің медициналық ұйымыңыздағы қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, науқастармен өзара әрекеттесуді жақсартуға және халықтың сенімін арттыруға көмектеседі.
Осы тұста айта кету керек, елімізде сыртқы кешенді бағалау «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығымен бекітілген аккредиттеудің белгіленген қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Егер Сіздің медициналық ұйым аккредиттеуден өтуге ниетті болса, аккредиттеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 700-950 (ішкі 1000, 1143, 1064) нөмірлері арқылы Орталықтың аккредиттеу департаментіне хабарласуңызға болады.
Акрредитеуден өткізуші ұйымның жұмыс регламентін айта кетсек, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Біз Сіздің жұмысыңыздың сапасын арттыруға және денсаулық сақтау саласында жаңа биіктерге жетуге көмектесуге дайынбыз.
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау бойынша оқытуға шақырамыз
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК 2024 жылғы 26 ақпан - 1 наурыз аралығында денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау бойынша оқыту өткізетіні туралы хабарлайды.
Оқытудың ұзақтығы: 60 сағат/2 кредиттен құралған.
Оқытудың өткізілетін орны: Астана қаласы, Иманов көшесі 11, «Нұрсәулет» БО, 2 қабат, конференц-залы.
Бұл оқу денсаулық сақтау ұйымдастырушылары мен менеджерлері, бейінді дәрігерлер, сарапшы дәрігерлер, мейіргер бакалаврлары, мейіргер мамандар үшін арналған.
Оқытудың мақсаты - Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтаудағы аккредиттеу стандарттарына сәйкес медициналық ұйымды аккредиттеуге дайындау жөніндегі қызметті ұйымдастырудың негізгі қағидалары бойынша білім алу мен жетілдіру болып табылады.
Оқыту барысында тыңдаушылар әлемдегі медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы негізгі үрдістері, денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаттарын қолдану дағдыларына үйренетін болады.
Оқытуға жазылу бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз 8(7172)700950 (ішкі 1028, 1106), 87021905222, 87753502886 не болмаса office@nrchd.kz электронды поштаға жазуыңызға болады.
Денсаулық сақтау саласы үшін маңызды іс-шараға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Біз Сіздерді оқытуда асыға күтеміз!
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Кәсіби медиаторлар және заңгерлердің халықаралық институтымен меморандум жасады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен «Кәсіби медиаторлар және заңгерлердің халықаралық институты» РҚБ арасында Қазақстанның денсаулық сақтау саласында медиацияны дамыту бойынша ынтымақтастық және стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастықтың басты мақсаты - денсаулық сақтау қызметкерлерінің медиация саласындағы құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.
Осы меморандум аясында тараптар медициналық қызметкерлерді, денсаулық сақтау менеджерлерін медициналық дауларды (жанжалдарды) медиация (татуласу) арқылы шешу мәселелері бойынша оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудан бірлесіп өткізу арқылы медицина қызметкерлердің құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруды көздеуде.
Жалпы бұл білім беру компоненті кәсіби қызметтегі жеке және басқарушылық құзыреттерді дамытуға, денсаулық сақтау саласында медиация құралдары мен техникасын қолдануға, сондай-ақ мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мақсатында сотқа дейінгі және сот тәртібімен медицина қызметкерлеріне заңгерлік және медиативтік көмек көрсетуге арналған.
Медицина қызметкерлерін оқыту және медициналық дауларды шешу мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірлер арқылы хабарласуыңызға болады:
(+7 7172) 700 950 (ішкі 1028, 1106),
+7 702 190 52 22,
+7 777 343 74 33.