Емдеудің клиникалық хаттамасы - халық денсаулығын сақтаудағы негізгі құжаттардың бірі

 

           «Клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен қайта қараудың негізгі принциптері. Клиникалық хаттамалар жобаларын сараптау» тақырыбындағы семинар-тренинг ҚР Денсаулық сақтау бірінші Вице - министрі Т.С. Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткізілді.

           Аталған іс-шараның мақсаты - клиникалық хаттамаларды әзірлеуде/қайта қарауда, сондай-ақ емдеу хаттамаларына дәрілік заттарды енгізу бөліктерінде проблемалық мәселелерді талқылау болды.

           Семинар-тренинг барысында денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар дәрілік заттарды клиникалық хаттамаларға енгізу бойынша, оның ішінде орфандық аурулар кезінде дәрілік заттар бойынша шығындарды өтеу бойынша бірқатар проблемаларды талқылады.

           Сондай-ақ, сарапшылар семинарда клиникалық хаттамаларды әзірлеу және қайта қарау, дәрілік заттарды клиникалық хаттамаларға енгізу бойынша ұсынымдар әзірледі.

           Семинарды қорытындылай келе, Т.С. Сұлтанғазиев сарапшылармен айтылған проблемалық мәселелерді Министрлік тарапынан жан-жақты қарастырылып, шешім қабылданатындығын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта осы тектес іс-шараларды клиникалық хаттамаларды әзірлеу және қайта қарауға жауапты барлық тұлғаларды тарта отырып, тұрақты негізде ұйымдастыру туралы уағдаластыққа келді.

            Жалпы, семинар жоғары деңгейде әрі әсерлі өтті. Нәтижесінде сарапшылар клиникалық хаттама бүгінгі күні денсаулық сақтаудағы дәлелді медицинаға негізделген дәрігерлік практикада медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдері мен деңгейлерінде пайдалануға арналған негізгі құжат деген қорытындыға келді.

           Айта кетейік, ҰДҒДСДО клиникалық хаттамалар бойынша сараптамалық ұйым болып табылады, ол дәлелдемелік базаға сүйене отырып, клиникалық хаттамаларға сараптама жүргізеді.