ҰҒДСДО қызметкерлері клиникалық зерттеулер жүргізу бойынша құзыреттілік негіздері бойынша біліктілік арттырудан өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҰҒДСДО сарапшылары «Қазақстан Республикасында клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуге жаңа тәсілдерін әзірлеу. Клиникалық зерттеулердің үйлестіру жүйесін құру» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде Брюссель қаласында (Бельгия) оқудан өтті.
«Clinical Project Management STAR Program» («Клиникалық зерттеулердегі жобалық менеджмент, СТАР бағдарламасы») бағдарламасы бойынша оқыту курсының бағдарламасы клиникалық жобаның менеджері ретінде жұмыс істеу үшін мына негізгі құзыреттер бойынша оқытуды қамтыды: клиникалық жобаларды басқару, клиникалық зерттеулердегі тәуекелдер, клиникалық зерттеулер туралы шарттардың құқықтық негіздері және персоналды басқару.
Бұл оқудың нәтижесінде клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру, жүргізу және талдау, сондай-ақ клиникалық зерттеулердегі тәуекелдерді басқару саласындағы сарапшылар осы сала бойынша біліктілігін арттырды.
Осы тұста айта кету керек, 2022 жылғы шілдеде ҰҒДСДО құрылымында клиникалық зерттеулерді дамыту орталығы (КЗДО) құрылып, осы орталықпен 2023 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуге жаңа тәсілдерін әзірлеу. Клиникалық зерттеулердің үйлестіру жүйесін құру» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда.
КЗДО-ның басты мақсаты еліміздегі халықаралық және жергілікті клиникалық зерттеулерді үйлестіру және жүргізу, ғылыми базаны молайту үшін медицина ғылымына қосымша инвестициялар тарту, клиникалық зерттеулердің демеушілеріне алғашқы кеңестер беру, денсаулық сақтау бағытындағы ҒЗИ/ҒО, ЖОО және басқа да клиникалық базаларды клиникалық зерттеулер бойынша жұмысын үйлестіру болып табылады.
Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары саласындағы сарапшылар республиканың кадрлық қамтамасыз ету саласындағы ағымдағы жағдайы мен инновацияларын талқылады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету денсаулық сақтаудың маңызды аспектісі болып табылады, білікті мамандардың болуы медициналық көмектің сапасына және денсаулық сақтау жүйесінің халықтың әртүрлі медициналық қажеттіліктеріне жауап беру қабілетіне әсер етеді.
Бұл процесс медициналық персоналды жалдау және оқыту, сондай-ақ қалалар мен ауылдардағы Еңбек ресурстарын дұрыс болжау және бөлу, үздіксіз кәсіптік білім берудің заманауи жүйесін құру және қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету сияқты қадамдарды қамтиды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен елімізді кадрлармен қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін талқылау үшін Түркістан қаласында HR-Денсаулық сақтау менеджерлерінің «Инновациялар мен перспективалар» атты республикалық конференциясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестірушісі болып табылатын Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ұйымдастырды.
Конференция гибридті форматта өтті, денсаулық сақтау саласындағы 300-ден астам сарапшы қатысты (110 қатысушы офлайн режимде, қалғандары қашықтан қатысты).
Іс-шараға өңірлердің денсаулық сақтау басқармасы басшылары, басшыларының орынбасарлары, бөлімдердің басшылары және өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының кадр ресурстарымен жұмыс жөніндегі мамандары, кадрлар бөлімінің бастықтары, медициналық ұйымдардың кадр және HR қызметтерінің мамандары, ҰҒДСДО өңірлік филиалдары, медициналық білім және ғылым ұйымдарының өкілдері, елдің кадр ресурстары саласындағы белгілі сарапшылар қатысты.
Конференция барысында ҰҒДСДО сарапшылары конференция қатысушыларымен: өңірлер мен мамандықтар бөлінісіндегі кадр ресурстарының ағымдағы жай-күйін талқылады, өңірлік қамтамасыз ету көрсеткіштерінің тиімділігін және медицина кадрларының тапшылығын бағалады, ауылдық елді мекендерде медициналық кадрларды тарту және ұстап қалу бойынша халықаралық тәжірибемен бөлісті, ұйым түлектерінің бірінші жұмыс орнын таңдауға әсер ететін факторларға назар аударды медициналық білім және ғылым, әр түрлі өңірлерде медицина қызметкерлерінің жұмыспен қамтылу ерекшеліктерін ескере отырып, медициналық кадрлардың тапшылығын есептеу бойынша, әртүрлі мамандықтар мен медициналық көмек көрсету деңгейлері бойынша жаңартылған әдіснаманы таныстырды.
Сондай-ақ, ЖАО-ның медициналық кадрларды резидентурада жіті тапшы мамандықтар бойынша даярлауға арналған білім беру гранттарын орналастыру бойынша үздік тәжірибелер ұсынылды. Конференция барысында еліміздің денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарына қажеттілікті жоспарлау және болжау тәсілдерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Конференцияға қатысушылармен пікірталас барысында медициналық кадрларды үздіксіз кәсіби дамыту, медицина қызметкерінің мәртебесін күшейту, ауылдық елді мекендерге келетін медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының түлектері үшін жалақыны және әлеуметтік қолдау шараларын арттыру, үлгілік штаттар мен медициналық кадрлардың қажетті санының нормативтерін әзірлеу қажеттілігі мәселелері, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары медициналық кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуы, медициналық қызметкерлердің медициналық кадрларды тарту, әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және басқа да көптеген мәселелер қозғалды.
Іс-шара соңында қатысушылар ашық диалог алаңын құрғаны және Қазақстанның кадр саясатын дамытудағы өзара ынтымақтастыққа мүдделілігі үшін алғыстарын білдірді.
Конференцияның нәтижесі денсаулық сақтау саласында елдің кадрлармен қамтамасыз етілуі бойынша қарар қабылдау болды.
Айта кету керек, мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау саласындағы персоналды басқару саласындағы тәжірибелерді дамытуда және алмасуда маңызды рөл атқарады.
ҰҒДСДО сарапшысы орфандық (сирек кездесетін) аурулар бойынша халықаралық медициналық форумда баяндама жасады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада орфандық (сирек кездесетін) аурулардың алдын алу және емдеудің көпсалалы тәсілдері бойынша халықаралық медициналық форум өтті.
ҰҒДСДО атынан форумға Дәрілік саясатты жетілдіру департаментінің директоры қатысып, ҚР-да сирек кездесетін аурулар бойынша клиникалық практиканың аспектілері туралы баяндама жасады.
Өз баяндамасында сарапшы қатысушыларды орфандық (сирек кездесетін) аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (бұдан әрі - ДЗ) тізбесін қалыптастырудағы нормативтік-құқықтық базамен, орфандық аурулар тізбесіне ДЗ енгізу схемасымен, орфандық ДЗ кезең-кезеңімен емдеудің клиникалық хаттамаларына енгізумен және де МӘМС пен ТМККБК (тегін медицинилық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде өтеу қағидаларымен таныстырды.
«Орфандық (сирек кездесетін) аурулар бұл адамның өміріне қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкеп соқтыратын, жиілігі ресми белгіленген деңгейден аспайтын сирек және ауыр аурулар түрлері болып табылады. Біздің елімізде осы ауруды емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады және сирек кездесетін аурулар бойынша барлық құқықтықтық негіздер бар», - деді сарапшы.
Сондай-ақ, халықаралық форум жұмысына Үндістаннан, Ресейден осы саланың сарапшылары, ҚР Мәжілісінің депутаты, Денсаулық сақтау министрлігінің, медициналық қауымдастықтар мен ұлттық ғылыми орталықтардың, ғылыми институттардың өкілдері, практик дәрігерлер қатысты.
ҰҒДСДО мен «Джонсон&Джонсон» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада ҰҒДСДО Басқарма Төрайымы Г.Құлкаева және «Джонсон & Джонсон» ЖШС-ның Қазақстан Республикасындағы филиалының директоры А.Назарбаев еліміздің денсаулық сақтау саласындағы бірлескен тәжірибелерді дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Біз еліміздің денсаулық сақтау саласын дамуына талдау жүргіземіз және біздің Орталық ғылыми-негізделген талдау, озық инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізу, денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуі мен халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүргізетін, салалық ақпараттық жүйені дамыту және елдегі менеджмент институтын күшейту бойынша Қазақстандағы жетекші ұйым болып табылады.
Сонымен бірге, бізде денсаулық сақтау технологияларын бағалау, елдің мемлекеттік дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін зерттеу мен талдау, клиникалық зерттеулерді әзірлеу мен енгізу бағыттары бойынша үлкен тәжірибеміз бар. Сондай-ақ, орталықтың сарапшылары бұл жұмыстарды жүргізу үшін жеткілікті дағдыларға ие», - деп атап өтті ҰҒДСДО-ның Басқарма Төрайымы.
Меморандум шеңберінде тараптар ҚР денсаулық сақтау саласын дамытуға, талдамалық шолулар, жарияланымдар, статистикалық және анықтамалық материалдар дайындауға және алмасуға бағытталған бірлескен зерттеулер мен іс-шаралар (бірлескен конференциялар, форумдар, оқыту-практикалық семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар) өткізетін болады.
***Анықтама:
«Janssen» Johnson&Johnson фармацевтикалық компаниялар тобы құрамына кіреді және қазақстандық пациенттер үшін сапалы инновациялық емнің қолжетімділігін қолдайды.
Ол үшін «Janssen» медицина қызметкерлері мен пациенттерге өзекті ақпаратқа қол жеткізуде (заңнаманың барлық шектеулері мен талаптарына сәйкес) арнайы бағдарламалар құруды және денсаулық сақтау саласындағы ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті қолдауды қамтамасыз етіп келеді.
«Janssen» ҚР-дағы қызметі:
- Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 60 инновациялық дәрілік препарат тіркеген. Бұл дәрі – дәрмектердің ішінде көп дәріге төзімді туберкулезді емдеуге арналған серпінді терапия, псориазды инновациялық емдеу, жұлын бұлшықет атрофиясын емдеуге арналған терапиялар бар.
- амбулаториялық қамтамасыз ету үшін 14 нозологиядағы 26 атау бойынша тегін немесе жеңілдік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізген; 3 нозологиядағы 4 атау міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қолжетімді.
Түркістанда денсаулық сақтау HR-менеджерлерінің республикалық конференциясы өтеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
2023 жылғы 3 қарашада Түркістан қаласында Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің қолдауымен «Инновациялар мен перспективалар» атты денсаулық сақтау HR-менеджерлерінің республикалық конференциясын өткізеді.
Бұл конференция жыл сайын үш жыл бойына өткізіліп келеді және денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды іс-шара болып табылады.
Конференцияның мақсаты - өңірлердің кадрлық қажеттілігін көрсете отырып, жоспарлаудың, болжаудың көрнекі мысалдарының таныстырылымы бар, бүкіл республиканың кадр ресурстары саласындағы сарапшылары үшін бірыңғай алаң құру арқылы денсаулық сақтау саласындағы HR-мамандардың кәсібилігін және жұмысының тиімділігін арттыру.
Конференция барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ағымдағы үрдістер мен кадр бойынша өзекті мәселелерді талқылай, жаңа әдістермен және аспаптармен таныса, кәсіби байланыс орната алады.
Конференция жұмысына өңірлер басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының кадр ресурстарымен жұмыс жөніндегі мамандарының, кадр бөлімі бастықтарының, медициналық ұйымдардың кадр және HR қызметтері мамандарының және еліміздің кадр ресурстары саласындағы сарапшылардың қатыуы күтілуде.
Конференция гибридті форматта өтетін болады.
Өтетін орны: Түркістан облысы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, кіші зал, Б. Саттарханов даңғылы, 29.
Конференцияға қатысты қосымша сұрақтар бойынша Ұлттық кадр ресурстары обсерваториясына мына нөмірлер арқылы хабарласуға болады: 8 701 520 83 71 Ольга Юрьевна Демушкан, 8 705 745 65 75 Тимур Өміралин.
Сіздерді денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары саласын дамытуға үлес қосатын сарапшылар қатарынан көруге қуаныштымыз.
Сізді маңызды диалогтың бір бөлігі болуға шақырамыз!