«Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар» тақырыбында халықаралық конгресс өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада 16-17 қараша күндері дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі бойынша халықаралық конгресс өтті.
Шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы ұйымдастырды.
Конгресс жұмысына еліміздің және Түркия, Украина, Польша, Албания, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа елдердің клиникалық фармакология саласының жетекші сарапшылары қатысты.
Іс-шарада дербестендірілген және профилактикалық дәрілік терапияның клиникалық практикасының, көпбейінді стационарлардағы госпитальдық фармацияның мәселелері мен міндеттері талқыланды.
Конгресс жұмысына ҰҒДСДО-дан клиникалық практика және фармакология бағытындағы сарапшылары қатысты.
Басқарма төрайымының орынбасары дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және дербестендірілген есепке алу туралы талқылауға қатысып, клиникалық практиканы бағалаудағы сарапшы ретінде «Госпитальдық фармация бөлімі. СОП медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету элементі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
Жалпы, конресс шеңберінде қатысушылар клиникалық практика жұмысы туралы ұсыныстар әзірлеп, дәрілік терапияның халықаралық тәжірибелерімен танысты.
ҰҒДСДО базасында денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша медициналық ұйымдар үшін біліктілікті арттыру курсы іске қосылды
- Толығырақ
- Автор: Super User
2023 жылғы 13-17 қараша аралығында денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін біліктілікті арттырудың алғашқы курсы өткізілді.
Оқу барысында тыңдаушылар денсаулық сақтаудағы аккредиттеу тарихымен, халықаралық қауіпсіздік мақсаттарымен, аккредиттеудің негізгі қағидаттарымен және медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін басқарудағы тәсілдермен танысты.
Бүгінгі күні аккредиттеу денсаулық сақтау ұйымдары мен медициналық мекемелерді өз тәжірибелері шеңберінде клиникалық қызметтерін дамытуға және жетілдіруге ынталандыруға бағытталған. Қазір көбінесе процестерді түсіну және сыртқы кешенді бағалау қажеттілігі медициналық ұйымдардың топ-менеджмент шеңберлерінде ғана шоғырланып, бұл өз кезегінде бағалауға дайындық кезінде де, оны жүргізу кезінде де жасанды кедергілер тудыруда.
Айта кету керек, осындай біліктілік арттыру курстарын өткізу медицина қызметкерлердің көбіне медициналық көмек көрсету кезінде сапа мен қауіпсіздік мәселелерін білуді кеңейтуге және түсінікті жақсартуға, медициналық ұйымды аккредиттеуге дайындау және өту кезінде медициналық персоналды тарту мәселелерін шешуге, медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының аккредиттеу рәсімдеріне қатысуын танымал етуге, сол арқылы медициналық ұйымдардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде медициналық қызмет көрсету кезінде сервисті жетілдіру және салауатты бәсекелестікті қалыптастыра отырып, медициналық ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.
ҰҒДСДО сарапшылары акушерлік практикадағы ана өлім-жітіміне және қиын жағдайларға құпия аудит жүргізу бойынша оқыту семинарына қатысуда
- Толығырақ
- Автор: Super User
16-18 қараша аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы ЮНПФ елдік кеңсесімен бірлесіп «ҚР-дағы акушерлік практикадағы ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудит» тақырыбында оқыту семинарын өткізуде.
Оқытудың мақсаты - ҚР-дағы перинаталдық көмекті өңірлендірудің 2-ші және 3-ші деңгейлеріндегі босандыру ұйымдарындағы акушерліктің қиын жағдайларына және ұлттық деңгейде ана өлім-жітіміне құпия аудит жүргізуді енгізуді одан әрі күшейту.
Құпия аудит әдіснамасы бойынша аталған оқыту семинар жұмысына денсаулық сақтау саласының ұлттық және өңірлік сарапшылары және ҰҒДСДО-ның Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру департаменті және Денсаулық сақтаудағы аккредиттеу департаментінің сарапшылары қатысуда.
Семинар барысында талқыланып жатырған өзекті мәселелер бұл ҚР-да ана өлімінің құпия аудиті мен қиын акушерлік жағдайлардың аудитін енгізудің негізгі қағидаларын талқылау, осы кезеңге дейін қол жеткізілген нәтижелер және алынған сабақтар болды.
Осы ретте айта кету керек, елімізде ана өлім-жітімінің құпия аудитіндегі халықаралық әдіснамасы және қиын акушерлік жағдайлардың аудиті нормативті түрде бекітілген.
Сондай-ақ, құпия аудит әдіснамасы бойынша оқыту ұлттық медициналық білім беру жүйесіндегі денсаулық сақтау менеджерлерін дипломнан кейінгі даярлау оқу бағдарламасына енгізілген.
Алматыда ЮНИСЕФ-тің психикалық денсаулық және туберкулезге қарсы көмек қызметтерінің медициналық-санитариялық алғашқы көмекке (МСАК) интеграциялануын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтуде
- Толығырақ
- Автор: Super User
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының сарапшылары Қазақстандағы психикалық денсаулық және туберкулезге қарсы көмек қызметтерінің медициналық-санитарлық алғашқы көмекке (МСАК) интеграциялануын бағалау бойынша зерттеу нәтижелерін талқылау үшін ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына қатысуда.
Іс-шараның басты мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы сарапшылармен еліміздегі МСАК-қа психикалық денсаулық сақтау және туберкулезге қарсы көмек көрсету жөніндегі қызметтерді интеграциялауды таныстыру және талқылау, сондай-ақ МСАК-та АИТВ/ЖИТС жұмыс істеуінің халықаралық тәжірибелерімен бөлісу.
Дөңгелек үстел барысында МСАК-та АИТВ/ЖИТС қызметтерін кезең-кезеңімен интергациялау, интеграция барысында туындауы мүмкін кедергілер мен ықтимал тәуекелдер жөніндегі мәселелер талқыланды.
Осы тұста айта кету керек, ЮНИСЕФ-тің психикалық денсаулық сақтау және туберкулезге қарсы көмек қызметтерінің МСАКқа интеграциясын бағалау бойынша зерттеулері ҚР Үкіметі мен елдегі жетекші ғылыми орталықтар және МСАК ұйымдарымен бірлесіп «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жүргізілген болатын.
Сонымен қатар, талдау материалдарын дайындауда ҰҒДСДО сарапшылары да тартылғанын атап өту керек. Себебі, Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық іске асыруды сүйемелдеуге қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып келеді.
Медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу негіздері бойынша бір айлық оқыту жалғасуда
- Толығырақ
- Автор: Super User
Медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу медициналық көмектің сапасына, пациенттердің қауіпсіздігіне және медициналық ұйымның тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Осы тақырыптағы оқытудың бесінші легіне еліміздің 9 өңірінен келген 18 медициналық мекемелердің денсаулық сақтау менеджерлері, медициналық техниканы жоспарлау мен қамтамасыз етуге жауапты мамандары қатысуда.
Оқытудың мақсаты - Қазақстан Республикасының медициналық техника саласындағы реттеушілік базасы және жүргізіліп жатқан орталықтандыру шеңберінде сатып алуды басқару, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, шешімдер қабылдау үшін менеджменттің заманауи құралдарын пайдалану, технологияны бағалау, оны сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша толық ақпарат беру.