Аутоиммундық аурулар - бұл адам ағзасындағы иммундық жүйе сау жасушалардан қауіп көріп, иммундық жүйенің барлық күшін олармен күресуге бағыттайттын қарсы шабуылы. Бұл кезде дененің әртүрлі жүйелері мен мүшелеріне әсер етуі мүмкін, ең ауыр асқынулар – өмірлік маңызды органдардың жұмыс істемеуіне алып келуі мүмкін.
Бүгінгі күні бұл жағдайдың нақты неден болатындығы анықталмаған, бірақ қазіргі заманғы медицина аурудың белгілерін емдеуді ұсына отырып, науқастың жағдайын қалыпқа келтіреді және асқынулардың алдын алады.
Осы маңызды тақырып бойынша елдегі алғашқы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымдарының (МСАК) дәрігерлерін оқыту үшін С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының ұйымдастуымен онлайн-семинар өткізілді. Бұл шараға барлық өңірлерінен 220-дан астам МСАК дәрігерлері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар аутоиммундық аурулар бойынша медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог-дәрігер, академик И. П. Павлов атындағы Бірінші Санкт - Петербург медициналық университетінің аутоиммундық ауруларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі Лапин Сергей Владимировичтің дәрісін тыңдауға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, семинар аясында аутоиммундық аурулардың диагностикасы бойынша табысты кейстер мен ұсынымдар ұсынылған болатын.