ҰҒДСДО сарапшыларының практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингілеу бойынша жұмыс сапарлары Ұлытау облысы мен Шымкент қаласында жалғасын тапты

 

 

         ҰҒДСДО сарапшылары Ұлытау облысы мен Шымкент қаласына жұмыс сапарлары барысында: қалалық, аудандық емханалар мен ауруханаларда, перинаталдық және онкологиялық орталықтарда болып, өңірлік денсаулық сақтау басқармалардың, медициналық ұйымдардың басшыларымен клиникалық хаттамалардың ендіру мониторингі туралы кездесулер өткізді.

Жалпы, ҰҒДСДО сарапшылары 3 тамыз айынан бастап 15 қыркүйек аралығында республиканың 8 өңірінде іссапарлармен барған болатын. Сарапшылар мониторингілеу жұмысын Астана қаласынан бастап, одан кейін Ақтөбе (Ақтөбе қаласы, Мұғалжар ауданы), Шығыс Қазақстан (Өскемен қаласы, Қатон-Қарағай ауданы, Солоновка ауылы), Батыс Қазақстан (Орал қаласы, Бәйтерек ауданы), Солтүстік Қазақстан (Петропавл қаласы, Явленка ауылы), Ұлытау облыстары (Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданы) және Алматы мен Шымкент қалаларында жүргізді.

         Сарапшылардың жұмыс сапарларының негізгі мақсаттары:

         - практикалық денсаулық сақтауға КХ-ны ендіру бойынша кедергілерді анықтау;

         -  КХ-да белгіленген ұсыныстардың сақталу дәрежесін бағалау;

         - КХ-ны ендіру негізінде медициналық көмек көрсету сапасының өзгеруін анықтау.

        Осы тұста айта кету керек, клиникалық хаттама бұл – халыққа көрсетілетін диагностика, емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік медициналық көмектің негізгі стандарттардың бірі болып табылады.