2019 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту орталығының Жаһандық денсаулық сақтау орталығының қызметкерлері Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты ұйымдастырған семинар-жиналысына қатысты.
Семинарда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Вриш және Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Джованни Капаннелия Қазақстанның БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі Ерікті ұлттық шолуды жүргізу және оны 2019 жылы шілде айында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде жариялаудың маңыздылығын атап өтті.
ДСДРО Жаһандық денсаулық сақтау орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментімен бірлесе отырып, «Адамдар» жұмыс тобының кездесуінде БҰҰ ТДМ міндеттерінің, атап айтқанда «3-ші Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру және кез келген жастағы барлық адамдардың әл-ауқатын арттыру» өзектілігін анықтады.