ДСДРО қызметкерлері жобалы менеджмент оқуын өтті

24-26 мамыр аралығында Нұр-Султан қаласында «Жобаларды басқару» жобалы менеджмент бойынша семинар өтті. Іс-шараны Қазақстандағы АМСК дамыту жөніндегі Жобалық офис құру аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды.

 

Семинарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, Электрондық денсаулық сақтаудың республикалық орталығының, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ, Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалалық емханалардың өкілдері EY бизнес Академиясының аға менеджері, MBA, PMP PMI, IPMA және CIA сертификатталған ұстаз-кеңесшісі, Светлана Яковлева бапкердің басшылығымен қатысты.

 

Семинардың қатысушылары Жобаның мақсаттарың жоспарлау маңызы, тәуекелдерді басқару, жобаның сапасы мен ресурстары, мониторинг және есеп беру қағидаттары туралы жалпы сұрақтармен танысты. Оқудың практикалық бөлімінде қатысушылар АМСК және АМСК бағыттарын іске асыру жұмыс жоспарың орындау бойынша жобалы офис құру кезіндегі кездесетін жағдаяттар үлгіленді.