18 мамыр күні Атырау Жоғары медициналық колледжі Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Мейіргерлік білім беру жүйесіндегі қолданбалы бакалавриаттың дамыту болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Конференция жұмысына Лахти қолданбалы ғылымдар университетінің халықаралық сарапшылары - Ханнеле Тииттанен, Марьо Паловаара, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы – Мәншүк Аймұрзиева, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бастығы – Зауре Байғожина, сондай-ақ ҚР Медициналық колледждер одағының мүшелері, облыстық медициналық ұйымдардың директорлары, басшылары және т. б. қатысты.
Конференция барысында қатысушылар бірқатар мәселелер мен проблемаларды көтерді, пікірталастар жүргізді және тәжірибемен алмасты. Сондай-ақ, спикерлер медициналық білім беру, практика және ғылым салаларын қарады: денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік қызметтерді басқарудың жаңа жүйесін енгізу, құзыреттілік тәсілге негізделген мейіргерлік білім беру, клиникалық базаларда тәлімгерлікті дамыту, мейіргерлік қызметтің әмбебап прогрессивті моделін енгізу, МСАК-ты жаңғырту, мейіргерлерді даярлаудағы инновациялық педагогикалық технологиялар, соның ішінде қашықтықтан оқыту әдістері және т. б.
Конференция қорытындысы облыстың Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдардың басшылары тарапынан әріптестіктің және ҚР-да мейіргер ісінде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдаудың және түсінудің маңыздылығын, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлеріндегі мейіргер ісі мамандарын дайындауда және үздіксіз кәсіби дамытуда практикалық денсаулық сақтау тарапынан қолдаудың маңыздылығын көрсетті.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басшылығы Атырау облысында жаңа формациядағы мейіргер ісі мамандарын дайындауға белсенді араласқаны, қатысқаны және қолдағаны үшін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға алғыс білдіреді.