Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту мәселелері бойынша панельдік сессия өтті. Іс-шара Пәкістан, Мьянма және Вьетнам денсаулық сақтау саласындағы жоғары басшылық үшін Әріптестердің ғаламдық желісі (Р4Н) ұйымдастырған Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту бойынша Көшбасшылық бағдарламасының екінші модулі шеңберінде өткізілді (біріншісі Шри Ланкада өтті, үшіншісі Жапонияда жоспарланып отыр).
Панельдік сессияға қатысушылар ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасы төрағасының орынбасары Ботагөз Жакселекова, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев және ДСДРО бас директоры орынбасарының м. а. Зарина Темекова денсаулық сақтаудың ағымдағы реформалары туралы айтып берді.
ДСДРО Р4Н серіктесі ретінде осы іс-шараны ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді. Іс-шараға қатысушылар Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау тәжірибесін зерттейді. Күннің екінші жартысында қатысушылар №9 және №10 емханаларға, №2 қалалық ауруханаға, Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа, Нейрохирургиялық және кардиохирургиялық орталықтарға, «Астана» медициналық университетіне және Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне барады.