Өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерін бекіту туралы бұйрық күшіне енді

4 маусымда «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығы күшіне енді.

 

Қолданыстағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары және штаттық нормативтерін бекіту бойынша құзыреті өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативін бекітуге ауыстырылды.

 

Енгізілген өзгерістер ТМККК көлемінде сапалы медициналық көмек көрсету үшін өңірдің медицина қызметкерлерімен ең аз қамтамасыз етілу деңгейі бойынша нормативті білдіреді.

 

Қамтамасыз етілу нормативі әрбір нақты медициналық ұйымда медициналық қызметтерге қажеттілікке сәйкес штатты икемді жоспарлауды енгізуге, сапаны, өңір халқының сырқаттануына, тығыздығына және жыныстық-жастық құрамына байланысты қол жетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Бұйрыққа енгізілген өзгерістер өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарға штаттық кестені қалыптастыру бойынша өкілеттіктер беруге, медицина кадрларының оңтайлы санын анықтауға, функционалдық міндеттері мен көлеміне қарай, қоса атқарушылық және бос орындар есебінен үнемделген қаражатты бөлмей лауазымдық жалақылар белгілеуге мүмкіндік береді.

Қамтамасыз етілу нормативін енгізу Қызметкерлерге еңбекақы төлеу және уәждеу туралы ережелерді, адами ресурстарды басқару бағдарламаларын енгізе отырып, медициналық ұйымдарда еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарауға мүмкіндік береді.

 

Медициналық ұйымдарда корпоративтік басқаруды енгізу және менеджментті дамыту кадрларды икемді жоспарлауды енгізуге, өнімділікті және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға медицина қызметкерлерінің уәждемесін арттыруға мүмкіндік береді.