Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Моңғолиядан келген делегация үшін Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдары бойынша ақпараттық тур өткізді

Бүгін «Медициналық туризмді дамыту және импортты алмастыру» жобасы шеңберінде ШЖҚ РМК «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» Монғолиядан келген делегация үшін Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдары бойынша ақпараттық тур өткізді.


Делегаттар «University Medical Center» Ұлттық балаларды оңалту орталығына, «Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа» және «UMIT» – Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды.


Іс-шара барысында Моңғолияның бас дәрігерлері, профессорлары мен жеке медициналық ұйымдарының басшылары UMC Ұлттық балаларды оңалту орталығында физиотерапия бөлімшелеріне, әлеуметтік-педагогикалық оңалту орталығына, ақылы оңалту орталығына және «Бөбек» бөліміне (логопед, ойын терапиясы, еңбек терапиясы, ЕДШ кабинеттері) барды.


Сондай-ақ, қонақтарға Ұлттық ғылыми медицина орталығы мен UMIT Ядролық медицина және томотерапия орталығында көрсетілетін қызметтер туралы айтылды.


Бұл іс-шараның мақсаты ол ынтымақтастықтың келешегін кеңейтуге және Монғолиядан пациенттерді тартуға бағытталған.